жүйесіне келіспейді. Сонымен қатар, баға орнату барысында тек өзінің шығындарына ғана көңіл бөлетін компаниялар қатты ұтылады. Екіншіден-әрбір сатушы тұтынушының жаңа баға мен оның өзгеруін қалай қабылдайтынын білуі керек. Баға екі бірдей рөл атқарады. Біріншіден баға сатып алушының қанша ақша төлеу керектігін және қызмет сапасын анықтайтын көрсеткіш ретінде қолданылады. Тұтынушы баға айырмашылығына қарап, өзіне лайықтысын таңдайды. Сондықтан да бағаны орнатушы сатып алушы жаңа бағаны қалай қабылдайтынын білу керек. Баға сатып алушылардың сол тауар құндылығын қабылдауымен өлшемдесу керек. Осы екі негізгі мәселені елемеген кәсіпкерлер қатты қателеседі.
Жоғарыда айтылғандардан баға саясаты келесілерге бағдарлануы тиіс деген қорытынды жасауға болады: - шығындар; - сұраныс, - бәсекелестер бағасы. Кәсіпорынның баға саясаты тек қана шығындарға бағдарланған болса, біз өндіріс-өткізілім бағдары туралы (сатушы нарығы) айта аламыз, нарық толықтығы (тұтынушы нарығы) жағдайында кәсіпорын нарықтың басқа да факторларын (кәсіпорын мақсаттары, бәселестер бағасы және т.б.) есепке алуы тиіс.
Сұраныстың баға икемділігіне әсер етеді: - тауар түрі (өндрістік қолданыстағы тауарларға сұраныс – бағасы бойынша төмен икемделген, жеке қолданыстың тауарларына жоғары икемділік); - тауар қажеттілігі (бірінші қажеттіліктің тауарлары әдеттегідей бағасы бойынша төмен икемділік сұранысына ие); - тауардың бірегейлігі және эксклюзивтілігі (оларға деген сұраныс тұтынушыларға жоғары құндылықты ұсынады, төмен икемділік);