№
|
Бағалау әдістері
|
Сипаты
|
1
|
Жинақтау парақшасының индексі бойынша өзін-өзі бағалау
|
Оқушыларға алған білімінің қаншалықты игергенін тексеру мақсатында «Жинақтау парақшасының индексін» бойынша бағалауын ұсынамын: яғни 1-бетінде: берілген тапсырма бойынша негізгі идеяларды атап шығу және оны қорытындылау арқылы алған білімінің игеру деңгейін анықтайды. Ал оның 2-ші-бетінде: тапсырма бойынша түсінбеген жерін анықтап, оны жетілдіру мақсатында сұрағын айқындап білімін ары қарай жетілдіруге тырысады.
|
2
|
Дескрипторларды астын жасыл немесе қызыл қаламмен сызу арқылы өзін-өзі бағалау
|
Оқуды қолдау мақсатында дескриптордың қадамдарын пайдалануды ұсынамын. Себебі тапсырманың әр қадамына назар аудару арқылы алған білімінің қаншалықты игергендігін анықтауға болады. Мысалы тапсырманы орындау барысында оның қадамын толық игергендігінің белгісі ретінде астын жасыл қаламмен сызады, ал орындауда қиналса, қателессе, яғни алған білімі толық игерілмеген жағдайда қызыл қаламмен сызу арқылы неге әлі назар аудару керек екенін тісініп, соны білуге ынталанады.
|
3
|
Дескрипторға «+» және «-» белгілерін қою арқылы өзін-өзі бағалау
|
Оқушы тапсырманың қадамдарын толық игерсе дескрипторға «+» белгісін қою арқылы өзіне деген сенімділігі артады және ынталанады. Ал игерген біліміне қанағаттанбай тұрса «-» белгісін қоя отырып, қандай ақпаратқа көніл бөлу керек екенін анықтау арқылы үлгерімін жақсартуға назар аударады.
|
4
|
Дескрипторға жeңiл - «Ж», қиын - «Қ», сұрақтар - «С» тaңбaрды қою арқылы өзін-өзі бағалау
|
Тапсырма орындауда немесе оның әр дескриптордің қадамдарының тұсына жeңiл болса «Ж» белгісін, игеру қиынға түссе «Қ» белгісін және де қандайда бір сұрақтар туындаса «С» белгілерін қою арқылы алғын білімінің деңгейін анықтайды. Осы бағалау арқылы неге көңіл аударуын көрсетеді.
|
5
|
Дескрипторға
- барлығы түсінікті
- сұрағым бар
- түсінбедім
белгілерін қою арқылы өзін-өзі бағалау
|
осы белгілерді дескриптордың жанына қаншалықты игергеніне байланысты қоя отырып, яғни - толық игергендігі туралы, - қандайда бір кемшілігі бар туралы, ал - белгісі қойылса, онда сабаққа толық көңіл бөлмей түсінбегендігін анықтауға болады. Бұл белгілерді қоя отырып оқушы өз білімін бағалап, қай жерінде олқылығы бар екеніне зейінін салады.
|
6
|
Дескрипторға «1» және «0» белгілерін қою арқылы өзін-өзі бағалау
|
Тапсырманың әр бір қадамына қаншалықты меңгеріп орындағанына байланысты «1» және «0» белгілерін қою арқылы жиналған баллдың негізінде білім деңгейін анықтауға мүмкіндін береді.
|
7
|
«Инстабағалау»
басбармақ
арқылы бағалау
|
игерген біліміне толық қанағаттанса қөрсету арқылы ынталанып белсенділігі артыруға болады. игеру барысында түсінбей қиналса, комментарий жазу арқылы, оған қолдау қажет екенін білдіреді. Алған ақпаратты тек қана әлі қабылдау ұғыну деңгейінде екенін айқындап , келешекте нені меңгеру керектігіне бағыт бағдар алады.
|
8
|
Бағдаршам арқылы өзін-өзі бағалау
|
Сыныптағы барлық оқушылардың тапсырманы өздерінің қаншалықты түсінгенін бір мезетте көруге болады, яғни толықтай түсініп, сенімді болса ЖАСЫЛ ТҮСТІ; түсінуге жақын болса, аздап білсе САРЫ ТҮСТІ; түсінбесе, сенімді болмаса ҚЫЗЫЛ ТҮСТІ көрсету арқылы қай оқушыға әліде көңіл бөлу қажеттігін көрсетеді.
|
9
|
|