Бағалауды әртүрлі тәсілдермен жүзеге асыруға болады: сандық көрсеткіштер түрінде бағалау керек болса, баға немесе балл қойылады;сапалық көрсеткіштер түрінде; жұмыс нәтижесі туралы сөзбен (мысалы, алғыс, мақтау-мадақтау түрінде) немесе эмоциялық реакция арқылы бағалауға болады.
Әлем мектептеріндегі біз білмеген қызықтар
Чехиядағы мектептерде білімді бағалаудың бес балдық жүйесі бар, ең жоғары баға бір, ал ең төменгі бес балл.
Норвегия мектептерінде 8-сыныпқа дейін балалар бағалаудың не екенін білмейді.
Финляндияда 7-сыныпқа дейінгі сыныптарға баға қойылмайды, олар артта қалғандарға көп көңіл бөледі және сыныпта еркін атмосфера жасайды.
Ресейде бес бұл ең жоғары баға, ал Чехияда ең төменгі баға бес. Қытайда жүз балдық жүйе болса,Америкада оқушылардың білімі әріппен бағаланады, олардың ең жоғарысы А ұпайы.
Франциядағы студенттердің білімі 20 балдық жүйе бойынша бағаланады, бұл студенттердің білім сапасын жақсырақ анықтауға мүмкіндік береді. Мұғалімдер есеп картасын құрастырып, ата-аналарға жібереді. Ондағы бағалар жүздікке дейін дөңгелектенеді (15,64). Есеп картасы ата-аналарға балаларының үлгерімін басқалармен салыстыруға мүмкіндік беретін орташа баллды көрсетеді.
Канада - тәртіп, баға және үй тапсырмасы жоқ . ALPHA мектебінде әрқашан бағынбаушылық мерекесі болады. Тәртіп, баға, үй тапсырмасы жоқ. Сыныптарды студенттер өздері таңдайды, ал сыныптар жасына қарай емес, қызығушылықтарына қарай бөлінеді.
12 жылдық білім беру кезеңінде жалпы білім беретін мектептің сыныптарында бағалау барысында талдануға сәйкес келетін 10 балдық бағалау жүйесі алынады:
12 жылдық білім беру кезеңінде жалпы білім беретін мектептің сыныптарында бағалау барысында талдануға сәйкес келетін 10 балдық бағалау жүйесі алынады:
0 балл – қанағаттанарлықсыз 1 - 2 балл – қанағаттанарлықтан төмен 3 балл – қанағаттанарлық 4 балл – қанағаттанарлықтан жоғары 5 балл – жеткілікті жақсы
Ал, Қазақстанның білім беру саласында бағалаудың қандай жүйесі қолданылады?! Осыған дейін елімізде оқушыларды бағалау үшін 5 балдық жүйе қолданылып келді. 2015 жылдан бастап елімізде кезең кезеңімен бағалаудың жаңа жүйесі енгізіле бастады. Ол критериалды бағалау жүйесі деп аталады. Критериалдық бағалау – оқушылардың оқу-танымдық құзыретін қалыптастыруға жағдай жасайтын, білім беру мақсаты мен мазмұнына сәйкес білім беру процесіне қатысушылардың (оқушылар, мектеп әкімшілігі, ата-аналар, заңды тұлғалар және т.б.) барлығына алдын ала таныс, ұжым талқысынан өткен, нақты анықталған өлшемдер арқылы оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс.
6 балл - жақсы 7 балл - өте жақсы 8 балл - үздікке жақын 9 балл - үздік 10 балл - өте үздік