Бағалаудың өлшемдік технологиялары курсының нысаны, пәні, зерттеу әдістері, оның басқа ғылымдармен байланысы


Қалыптастырушы бағалаудың негізгі қызметі кері байланыс пен оқу қызметін түзету болып табылады



бет3/3
Дата06.02.2023
өлшемі24,66 Kb.
#65669
1   2   3

Қалыптастырушы бағалаудың негізгі қызметі кері байланыс пен оқу қызметін түзету болып табылады.

Қалыптастырушы бағалаудың негізгі қызметі кері байланыс пен оқу қызметін түзету болып табылады.

Констатациялаушы (қорытынды) бағалау әдеттегідей тақырыпты меңгеруді аяқтайтын бақылау іс-шараларының жиынтығын білдіреді. Бақылау тапсырмаларының мазмұны материалды меңгеру барысында қалыптасқан білім, машықтар мен дағдылардың маңызды шоғырларын қамтамасыз ету мақсатында іріктеледі. Констатациялаушы жұмыстар үшін қойылатын бағалар оқушылардың дайындық деңгейін анықтауға қызмет етеді. Әдеттегідей аталған тақырып бойынша қорытындылаушы болып табылатын констатациялаушы жұмыстан бір апта бұрын оқушылар ол жерде қандай тапсырмалар берілгендігі, олардың қандай өлшемдерге сәйкес келетіндігі және дайындық үшін ненің қажет екендігі туралы толық ақпараттандырылады. 


Бақылау жұмысын орындау барысында әр оқушыға бағалаудың өлшемдері көрсетілген парақ беріледі. Ол аталған өлшем бойынша барынша жоғары бал жинау үшін тапсырманы қалай орындау керектігі рет-ретімен сипатталған егжей-тегжейлі дескриптор айдарлармен жабдықталған. Осындай дескрипторлар әрбір нақты жұмысқа қатысты ортақ пәндік өлшемдерді нақтылайды, жұмысты бағалауды барынша жеңіл және ашық етеді. Өткізілетін бақылау жұмысының мақсаты мен баға қою рәсімі оқушыларға түсінікті.
Оқыту формалары мен әдістерін жаңарту ұстаздар мен оқушылар арасында серіктестік және тату қарым-қатынас орнатуға;
оқытудың инновациялық әдістерін, заманауи білім берушілік және ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолданатын мұғалімдерді қолдауға;
сынып ұжымын жаппай оқыту формасынан әр оқушының жеке білім беру траекториясын жүзеге асыруға интербелсенді, инновациялық, жобалық-зерттеу технологияларын, сандық инфрақұрылымды қолдана отырып көшуді қамтамасыз етуге;
оқушылардың артық дерексіз-теоретикалық біліммен және тапсырмалармен жүктеудің алдын алуға септігін тигізеді, бұл оқу үдерісін барынша икемді әрі іс-тәжірибелік-бағдарланған етуге мүмкіндік береді.
Біздің мектебімізде өлшемдік бағалауды меңгеру және енгізу 2012 ж. басталды. Бастапқы кезеңде НЗМ тәжірибесінің негізінде өлшемдік бағалаудың теоретикалық негіздері меңгеріледі. Пән бойынша бағалау өлшемдері әзірленеді және талқыланады, енгізу бойынша таныстыру жұмыстары жүргізіледі. Ол үшін мынадай жағдайлар жасалады:
ғылыми-зерттеушілік қамтамасыз ету; оқу-әдістемелік қамтамасыз ету;
оқушылардың білім сапасын бағалау және қадағалау жүйесі;
материалдық-техникалық базасы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет