1. 1 Бағалау жүйесінің тарихи дамуы. Бағалаудың өлшемдеріне түсінік беру
Бағалау жүйесі – бұл оқыту мәселелерін болжаудың және жетістікте- рін өлшеудің негізгі құралы. Сонымен қатар бағалау – алынған нәтижелерді және жоспарланған мақсаттарды салыстыру үрдісі.
Қазақстанның нәтижелеріне жасалған талдау 2011–2020 жылдарда- ғы ҚР білім беруді дамыту Мемлекетгік бағдарламасының аясында білім беру саясатының басты бағыты ретінде білім беру сапасын бақылаудың ұлттық жүйесін жетілдіру үшін келешекте өзекті мәселе екендігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Педагогикалық тәжірибеде кеңінен қолданып жүрген бағалаудың бес балдық шкаласы бойынша әдістемесі қарапайым және үйреншікті бол ған. Алайда, оның бірқатар кемшіліктері бар: субъективті және баға қоюшыға тәуелділік бар, дифференциалдық қабілеттілігі төмен.
Осындай жан-жақты критерийлермен қамтамасыздалған бағалау жүйесі оқу үрдісін қалыптастыруға жүйелі түрде қарауға мүмкіндік бере- ді, яғни оның тұтастығын қамтамасыз етеді.
Осының бәрі бағалау жүйесінде қазіргі тенденциялардың пайда болуына әкелді. Нәтижеде біз бағалаудың критериалды технилогиясына келіп тоқтадық. Бұл жүйенің тағы бір қыры– ол алдын-ала жоспарланған жетістіктернәтиже, яғни, жалпы алғанда қажетті құзыреттіліктернәтиже оқушының қаншалықты және қандай деңгейде сәйкес екендігін салыстырып қарауға мүмкіндік береді. Осы орайда оқу құралын дайындаудағы мақсат 12-жылдық білім берудің басты жағдайларын ескере отырып оқытудьщ нәтижелерін критериалды бағалаудың қазақстандық жүйесінің пайда болу себептерімен, оның мақсат-міндеттерімен, стратегиясымен, әр бір оқушының білім алу үрдісінде құ- зыреттіліктерді қалыптастырудағы жетістіктерінің жоғары болуын қамтамасыз етеді, критериалды бағалау технологиясына қатысты материалдар мен болашақ мамандарды, яғни пән мұғалімдерін таныстыру.
1. 2 Бағалаудың кезендері мен түрлері
Бағалаудың критериалды жүйесі формативтік бағалаудан (ағымдағы бағалаулар) және қорытынды бағалаудан (оқу бағдарламасының бөлімдері бойынша бағалау, тоқсандық және жылдық қорытынды бағалау) тұрады. Формативтік бағалау оқушьгаың білімді, білікгі және дағдыны сыныпта немесе үйде күнделіктік жұмыстың барысында инәтижерілу деңгейін анықтау үшін арналған. Ол әр түрлі формада іске асырылады және мұға- лімгежәне оқушыға өздерінің жұмыстарын сәйкесінше түзетіп алуға және қорытынды бағалауға дейін мүмкінболар кемшіліктердің алдын алуға мүмкіндік береді. Тоқсандық бағаны және оқушының қорытынды жұмыс- тары үшін бағаны қою барысында оның формативтік бағалары ескеріл- мейді.
Қорытынды бағалау оқу тақырыбының бөлімін оқып болған соң бі- лімнің және оқу дағдыларының қалыптасудеңгейін анықтауға арналған. Қорытынды бағалау әр түрлі қорытынды жұмыстардың (тесттер, бақылау жұмыстары) нәтижелері бойынша жүргізіледі. Қорытынды жұмыстарға қойылған бағалар пән (курс) бойынша тоқсандық және жылдық бағаларды қою үшін негіз болып табылады.
1.3 Бағалау – оқу сапасын диагностикалау және мониторинг жасау бөлігі ретінде
Дәстүрлі сабақта көбіне механикалық есте сақтау арқылы алынған. Ары қарай терең ойлау үрдісі іске асырылмайды. Бес балдық жүйеде мақ- саттар бағаларын салыстырмалы түрде ғана алынады.
Әдістемелік сипаттағы бұл модульдерді атасақ
Бағалау критерийлері бойынша балдар. Бағалау жүйесі тұтастай алын ған білім беру үрдісінің негізіне алынған принциптерді қамтиды. Бағалау жүйесі – мектептегі білім беру кеңістігінің басты кіріктірілген факторы, оқьпудағы мәселелерді болжайтын және кері байланысты жасайтын негіз- гі құрал болып табылады. Бағаның басты мақсаты – оқушыға өзінің табыс- тарын және мәселелерін тіркеуге көмектесу, өзінің мықгы түстарын және өсу мүмкіндігін анықтау.