Голландиялық аукционда сатып алушылардың мәлімдемесі күні бұрын жинақталады. Содан соң оларды эмитенттер немесе делдалдар сырттай талдаудан өткізіп, бағалы қағаздарды сатып алу мәлімдемесін қанағаттандыратын біркелкі ресми баға бекітеді.
Қос аукционды нарықтың жай нарықтан айырмашылығы - онда бағалы қағаздарды сатып алу немесе сату құқына ие болу үшін өзара жарысқа түсетін көптеген сатушылар мен сатып алушылар болады.
Дәстүрлі және компьютерленген нарықтың бірінен-бірінің айырмашылығы мынада:
компьютерленген нарықта сатушы және сатып алушы кездесетін орын болмайды, демек олар бір-бірімен тікелей кездеспейді;
сауда жүргізу және оған қызмет ету процестері түгелдей автоматтандырылған;
саудаға қатысушыларға бағалы қағаздарды сатып алу-сату туралы мәлімдемені компьютердегі сауда жүйесіне енгізеді.
Кассалық нарық(немесе «кэш» нарық, я «спот» нарық) - ол мәмілені дереу (1-2 жұмыс күнінде) орындау. Ал мерзімді нарық -ол мәмілені орындау мерзімі (2 жұмыс күнінен бастап 3 айға дейін) бекітілген нарық.
Қазіргі кезде әлемде осы аталған нарықтардың қосындысы іс-петтес төрт нарық концепциясы кеңінен мойындалуда.
Алғашқы нарық кор биржасы деп аталып, онда тіркеуден өткен қор құндылықтарымен мәміле жүргізіледі. Эмитент-компания бағалы қағаздардың жаңасын шығарып ұсынғанда оны сату процесіне көптеген қаржы институттары қатысуы мүмкін. Өркендеген елдерде бағалы қағаздарды орналастырумен инвестициялык банктер шұғылданады. Әдетте,инвестициялық банктер андеррайтер ретінде шығарылымның барлығын сатып алып, шығарылымды орналастыруға өзіне қаржылық міндеттеме (кепілдік) алады. Андеррайтердің жүргізетін іс-шаралар кешенін андеррайтинг деп атайды.