Пікір жазғандар: Искаков Ұ.М. - э.г.д., профессор
Шалғьшбаева Г.Н. — э.ғ.к., доцент
ББК 65. 262.2
Т. Рыскұлов атындағы ҚазЭУ жанындағы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру «Әлеуметтік ғылымдар және бизнес» мамандығының топтары бойынша ОЗС ұсынған.
0605010204-41
К07
444(05)-07
ISBN 9965-9558-9-1 © Кешенова Б.А., 2007.
Бұл еңбекті немесе оның бөліктерін автордың жазбаша келісімінсіз таратуға және авторлық құқық жөніндегі нормаларға қайшы келетін басқа да әрекеттерге тыйым салынады. Әрі заң бойынпіа жазаланады.
Білім - таусылмайтын байлық Ж.Баласағұни
ЕКІНШІ БАСЫЛЫМҒА АЛҒЫ СӨЗ
Бұл кітаптың бірінші басылымы 1998 жылы жарияланған. Әрине 90-шы жылдардың орта тұсында пайда болған Қазақстан бағалы қағаздар нарығы (қор нарығы) қазіргі кезде қалыптасып даму шағында. Кітаптың екінші басылымында қор нарығын калыптастыруға және дамытуға әсер еткен нақты жағдайлар мен заңнамалық базадағы өзгерістер ескерілді.
Қазақстанның орталықтанған жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға етуі қоғамдық өндірістің сипатын, атап айтқанда, меншік қатынастарын; шаруашылық субъектілерінің кұрылымы мен оның қызмет көрсету механизмін; олардың өзара қаржылық байланыстарының формаларын; қоғамның барлық топтарының шаруашылык нәтижесіне мүдделік дәрежесін өзгертуде. Қоғамдағы қазіргі өзгерістер - Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастар арқылы демократиялық ел болуға бет алғандағы етпелі дәуір өзгерістері.
Нарықтық қатынастар өркениетті елдерде ежелден дамып, соңғы 70-жылда «социализм» мен «капитализм» деген екі жүйенің бәсекесінде өзінің өміршеңдігін, экономикалық және әлеуметтік тиімділігін дәлелдеді. Сол «капитализм» экономиканың жеке және мемлекеттік секторларың қолайлы үйлестіру арқылы уакыт талабына сай әлеуметтік бейімделген нарықтық шаруашылық құра білді. Қаржы институттары демократиялык негізде құрылған қазіргі нарық - адамзат дамуының ең жоғарғы жетістігі. Одан әрі даму және өркендеу кезінде оның институттары мен салалык құрылымдары, баскару әдістері мен қызмет ететін субъектілері және т.с.с. нарыққа қатысушылары өзгеруі мүмкін. Бірақ ол өзгерістер нарықтың түп негіздеріне әсер ете алмайтын жеке тұрғыдағы өзгерістер.
Социализм жүйесі өндірісті де, әлеуметтік-экономикалық қажеттілікті де және өнімді тең бөлуді де, жалпы қоғамдық экономиканы жоспарлы түрде басқарып, меншікті тек «жалпыхалыктық» меншік тұрғысынан қарап, халықтың қажеттілігін өтей алмады.
Нарық - күрделі, әрі жан-жақты қызмет атқаратын қоғамдык қатынастар жиынтығы. Ол бір жағынан тауар және көрсетілген қызмет нарығын қамтыса, екінші жағынан қор жинау нарығын қамтиды. Соңғысы, өз кезегінде, қаржы нарығы мен қозғалмайтын мүлік нарығынан тұрады. Осы аталған нарықтардың өзара байланысы ұлттық экономикалық механизмді кұрайды. Ал бұл механизм несиеге негізделген. Баскаша айтқанда, нарықка катысушы - кәсіпкерлер іскерлік шартқа қол койып, өздеріне бағалы қағаз түрінде міндеттеме алады. Кәсіпкерлердің өзара жасасқан дәл осы міндеттемелері - экономикалық механизмнің тұрақтылығының кепілі.
Жалпы тұрғыдан алғанда бағалы қағаздар нарығы бағалы қағаздарды шығару және айналысқа түсіру бойынша оған қатысушылар арасында туындайтын экономикалық қатынастар жиынтығы деп карастырылады. Кез-келген нарық сияқты бағалы қағаздар нарығы - оның объектісі, субъектісі және олардың арасындағы қатынастардың бірлігі. Бұл нарықтың объектісі - бағалы қағаздар, ал субъектісі - нарыққа катысушылар. Экономикалық қатынастар - ол нарық субъектілерінің, яғни нарықка қатысушылардың бағалы қағаздармен жүргізетін кез-келген іс-әрекеті, яғни қолданыстағы шаруашылық заңнамаларына сәйкес жүргізілетін әртүрлі операциялар.
Бағалы қағаз нарығы субъектілерінің катынастары экономикалық-құқықтық механизмге негізделеді. Бұл бағалы қағаздардың материалдық түрі ретінде оның маңызын дәлелдейді. Бірақ бағалы қағаздардың маңызы онымен шектеліп қоймайды. Бағалы қағаздар кез-келген мемлекеттің төлем айналымында маңызды орын алады, себебі олар арқылы мемлекеттің инвестициялық қызметі жүзеге асырылады. Дәлірек айтқанда, бұл күрделі қаржы тікелей халық шаруашылығының ең тиімді саласына құйылады, яғни оларды нарық жүйесіндегі ең өміршең субъектілер ғана ала алады.
Өзінің ұйымдық және кұрылымдық ерекшеліктеріне орай бағалы қағаздар қаржы институттары, қаржы нарығы және оларды реттейтін құқыктық ережелермен қатар мемлекеттің қаржы жүйесінің тұтас бір бөлігін құрайды. Мұндай жүйе біздің мемлекетімізде нарық қатынастарын қалпына келтіру кажеттілігі туындаған кезде, яғни 90-шы жылдары егемендік алғаннан кейін кұрыла бастады.
Өткен жылдардың экономикалық тәжірибесі дәлелдегеніндей шаруашылықты жетілдірудің нарықтық әдістерін қалпына келтірудің және оны одан әрі дамытудың басты құралы - бағалы қағаздар екені талассыз ақиқат. Бағалы қағаздар ақша түріндегі капиталға да, заттай капиталға да меншік құқығын бекітіп, тек бағалы қағаздар арқылы ғана мемлекеттік меншікті акционерлік қоғамдардың, яғни жекеменшік иелері - халықтың меншігіне айналдыру мүмкін. Бағалы қағаздар нарығында өзіне тән қаржы институттары жүйесі қалыптасып, оларда экономикалық өрістеудің қаржы көздері шоғырланып және инвестициялық корларды бөлу қатынастары жүзеге асады.
Қазіргі кезде Қазакстан бағалы қағаздар нарығының қалыптасу және одан әрі даму барысы мынадай:
Бағалы қағаздарды шығару мен айналыс қатүсіруді және қатысушы субъектілердің кызметін реттейтін, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығында туындайтын мемлекеттік ретгеу қатынастарының құрылымын анықтайтын заңнамалық негіз калыптасты; бағалы қағаздар нарығының институционалдық инфрақұрылымы, оның негізі болатын брокерлік-дилерлік фирмалар, кастодиан-банктер және зейнетақы активтерін баскару компаниясы (ЗАБК), сонымен қатар техникалық инфрақұрылымы, Орталық депозитарий және қор биржасы қызмет істеуде; Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы әлемдік нарық жүйесімен интеграциялануда. Алайда, эмитенттердің накты эмиссиялык белсенділігінің төмендігінен Қазакстан қор биржасы өзінің нарықта өсу деңгейіне жетті деуге болмайды. Сондықтан біртіндеп ішкі инвестициялық базаны өсіру, инвестициялау жағдайларын кеңіту және эмитенттердің кызметін мемлекеттік реттеудің тиімділігін арттыру есебінен бағалы қағаздар нарығын дамыту мүмкіндіктерін жалғастыру қажет.
Айтылған мәселелердің барлыгы мемлекетіміздің экономикалық дамуының бүгінгі кездегі сатысында Қазақстан халқының жас буыны -студенттер алдында жаңа, тіпті ерекше бағыт, яғни бағалы қағаздарды шығару және сол қағаздар нарығындағы операцияларды меңгеру міндетін қойды. Бұл өте терең экономикалық және кұқықтық білімді, математикалық және бағдарламалық жағынан қамтитын және жинақтаған дағдыны ұғынуды талап ететін күрделі де қиын кәсіпшілік. Сондықтан бағалы кдғаздармен кызмет жасайтын жоғары білімді мамандар дайындау - уақыт талабы . Әрине бұндай істе нақты көмекті қазіргі батыс және отандық авторлардың ғылыми еңбектерін оқып, үйренуден алуға болады. Сонымен бірге өткен тарихқа да оралу, оны білу - алға басудың кепілі. Революцияға дейінгі Ресейде бағалы қағаздар, кор биржалары және коммерциялық банктер туралы ғылым кең тараған. Демек, өткен тәжірибені зерттеп және өз мемлекетіміздегі қазіргі кажеттілікті ескеріп, бағалы қағаздар нарығы туралы осы оқу құралының құрылымы жасалды.
Кітаптың екінші басылымын дайындағанда автордың көздеген мақсаты - баяндалатын материалдың формасы бойынша да, мазмұны бойынша да жүйелі түрде сапасын жақсарту. Көздеген мақсатқа жету жолында шешілген міндеттер: бірінші бөлімінде бағалы қағаздардың мәні, жіктелуі, түрлері, оларды шығару, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығы және оған қатысушылар туралы ұғым дәйекті түрде өңделіп баяндалды. Ал биржа ісінің теориялық негіздері кисынға сәйкес жан-жақты каралып, екінші бөлім ретінде қайта жазылды. Үшінші бөлімінде бағалы қағаздар нарығының және биржа ісінің негізгі категорияларының орысша-қазақша түсіндірме сөздігі орын алды.
Оку кұралында әртүрлі авторлардың өз кітаптарында пайдаланған, әлемдік тәжірибеде кең тараған бағалы қағаздардың жіктелуі салыстырмалы түрде қарастырылып, Қазақстанда бағалы қағаздардың пайда болуы мен қор биржасының калыптасу және даму барысын шолумен толықтырылды.
Бұл кітап бағалы қағаздар нарығы және қор биржасы туралы қазақ тілінде бірінші шықкан оқу құралының толықтырылған және өңделген екінші басылымы. Автордың бұл еңбегінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілінде оқитын студенттерге және жұмыс жасайтын мамандарға, аспиранттарға, магистранттарға, экономикалық пәндер окытушыларына, сол сияқты коммерциялық кәсіпшілікпен шұғылданатын мүдделі кең қауымға көмегі мол.
Автор екінші басылымның мазмұнын және оның құрылымын келешекте өзгертуге көмектесетін конструктивтік ой-пікір білдіріп, кеңес берушілерге құрмет білдіреді.
I БӨЛІМ
Достарыңызбен бөлісу: |