Бағалы қағаздар нарығы және биржа ісі: Оқу құралы. Алматы: 2007


Сурет. ББАЖ-дың ішкі құрлымы



бет219/219
Дата17.04.2022
өлшемі1,63 Mb.
#31259
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   219
17.3. Сурет. ББАЖ-дың ішкі құрлымы
Биржаға қызмет ететін бөлімше құрылымы бойынша - ол биржа басшысының және биржаның басқа бөлімдерінің автоматтандырылған жұмыс орнын біріктіретін жергілікті есептеу желісі.

Биржадағы сауда операцияларын жүргізу технологиясына сәйкес төмендегі процестер автоматтандырылуы керек:



  • клиенттерге қызмет көрсететін брокерлік кеңселердің қызметі және жолдама құжаттарды дайындау процестері;

  • брокерлік кеңселерден биржаға жіберілетін мәлімдемелер;

  • биржалық ведомостілерді қалыптастыру;

  • биржалық ведомостілерді түзету;

  • мәмілелерді тіркеу үшін құжаттарды дайындау;

  • сауда кезінде электрондық таблоны пайдалану;

  • биржалық орталықтың биржаның аймақтық бөлімшелеріне мәлімдемелерді жеткізу;

  • бір уақытта жүргізілетін сауданың аукционын жүргізу;

  • ұсыныс жағдайларын сатушы-брокерлер және сатып алушы-брокерлер арасында келісу;

  • әртүрлі биржалар арасында, биржа мен брокерлік кеңсе арасында пайдаланылатын ақпарат текстісін (хаттар, құжаттар, хабарлар және т.с.с.) дайындау және тарату;

• биржаның автоматтандырылған жұмыс орны (басшының, баға белгілеу комитетінің, маклердің және т.б.) жүйесін құратын әртүрлі бөлімшелерді біріктіретін биржаның ішкі қызметтері автоматтандырылуы тиіс.

Қорыта айтқанда, биржа ісін автоматтандыру құралдары биржаның жұмысын жеңілдетіп және жеделдетіп, биржалық тау­арлар айналымын, қызмет көрсететін брокерлік кеңселер және т.б. қызметтер санын көбейтуге мүмкіндік жасайды.


Бақылау сұрақтары:

  1. Биржа ісін компьютерлеудің негізгі кезеңдері қандай және олардың сипаттамасы.

  2. Жаңа ақпараттық технология деген не?

  3. Жаңа ақпараттық технология биржаны ұйымдық басқаруда қандай өзгерістер енгізеді?

  4. Биржа ісіне қатысушылардың автоматтандырылған жұмыс орны (АЖО) деген не және оның жіктелу түрлері қандай?

  5. Биржаны басқарудың автоматтандырылған жүйесінің сипаттамасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет