Жетіншіден, биржаның саудагерлік қызметі - ол биржадағы коммерциялық әрекет. Оның мақсаты - биржалық тауардың сату және сатып алу бағасының айырмасынан пайда табу. Биржаның алыпсатарлық (саудагерлік) қызметі оның хеджирлеу қызметімен тығыз байланысты. Биржадағы хеджирдің құтылған қауіпін алыпсатар өзіне қабылдайды. Алыпсатушы - ол биржадағы кәсіби қызметкер болуы шарт емес. Ол «арзан алып, қымбатқа сату» принципімен пайда табуды көздеген кез-келген компания болуы мүмкін.
Сегізіншіден, биржа ақпараттық қызметінорындау барысында биржадағы баға, биржада сауда жасайтын компаниялар, нарықтық конъюнктура, әртүрлі нарықтар бойынша болжам және тағы басқа іс-әрекеттері туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында үнемі жариялайды. Қазіргі биржалардың ақпараттық қызметінің айтарлықтай жаңалықтары соншалықты мол, мысалы, дамыған мемлекеттерде биржалар өзінің 30%-ке дейінгі табысын биржалық ақпараттарды сатудан табады.