Нақты тауар биржасы биржалық сауданың алғашқы кезеңіне тән болды. Оның айырықша белгілері - сауданың жиі-жиі қайталанып тұруы, оның белгілі бір жерде өтуі, бекітілген ережеге бағынуы және біркелкі, сапа жағынан бір-бірімен салыстырылатын көпшілік сауда деп есептелінуі. Атап кететін жәйт, нақты тауар биржасының ең айырықша белгісі - сауда жасалғаннан соң, міндетті түрде, тауарды сатып алушыға жеткізіп беру және оны сатып алушының қабылдап алуы, яғни тауар иесін нақты өзгерту және сатылған тауарды сатушыдан сатып алушыға ауыстыру.
Қазіргі кезде шетелдерде нақты тауар биржалары тек кейбір елдерде ғана сақталған және олардың айналымы болар-болмас. Экономикасы дамыған елдерде нақты тауар биржалары қалмады деп есептелгенімен, алайда барлық Батыс Еуропа мемлекеттерінде қазіргі кезге дейін тауар биржалары бар. Олар сауда жасаушыларды, делдалдарды, сондай-ақ, транспорт мекемелерін және өнімді өндеуші фирмаларды біріктіріп, негізінен типтік шарттар дайындаумен және нақты тауар нарықтары туралы ақпарат жинақтаумен шұғылданады.
Биржалық сауданың дамуы жаңа типтегі биржалардың, яғни фьючерстік биржалардың пайда болуына әкеп соқтырды. Фьючерстік сауданың негізгі белгілері мыналар:
мәміленің жалған сипатта болуы, яғни олар саудаға қызмет көрсететін өзгеше қаржы институттары. Бұндай биржалар ақша қоры шоғырланған жерлерде, яғни қаржы орталықтарында ашылады. Жеткілікті бос ақша массасынсыз және банктік несиесіз фьючерстік сауда болуы мүмкін емес. Биржаның тауар нарығынан тауарға құқық нарығына, сондай-ақ нақты тауар нарығынан жалған капитал нарығына айналуы - ол қаржы капиталының ұлғаюы процесінің ажырамас бөлігі;
фьючерстік биржа өзгеше қаржы институты ретінде қор, валюта және тауар нарықтарының қажетін қамтамасыз ететін осы активтердің баға нарығы қызметін атқарып, хеджирлеу арқылы нақты тауарлармен жасалған мәміле бағасына және фирмалардың бәсекелестік қабілетіне әсер етеді.
Осы айтылғандарды қорытындылай келіп, биржа түрлерін 8.4.
Суретпен өрнектеуге болады.
Жіктелу белгілері
|
Биржаның түрлері
|
Биржаның басқа түрі
|
1.Биржалық тауар түрлері
|
Қор
Тауар
Валюта
|
Тауарлы-шикізатты
Тауарлы-қор
|
2.Биржаны құрудағы мемлекеттің ролі
|
Ашық-құқықтық
(мемлекеттік)
Жеке-құқықтық (жеке)
Аралас
|
|
3.Биржаның құқықтық негізі бойынша
|
АҚ
ЖШС
Жеке кәсіпорын
|
|
4.Биржалық саудаға қатысушылар
|
Жабық
Ашық
|
Таза ашық
Ашық аралас типті
|
5.Биржа саудасының объектісі болған тауарлардың құрамы
|
Әмбебап
маманданған
|
Тар түрде маманданған,
Кең маманданған
|
6.Халықаралық саудадағы орны және ролі
|
Халықаралық
Ұлттық
|
|
7.Қызмет ету аясы бойынша
|
Орталық (астаналық)
Аймақаралық
Аймақтық (жергілікті)
|
|
8Биржалық мәміленің сипаты қарай
|
Нақты тауарлар биржасы
Фьючерстік
Опциондық
Аралас
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |