11.5. Биржалық тауарды саудаға түсіру Ресми тіркелген қор биржасының құндылықтары, яғни бағалы қағаздар арнаулы биржалық процедурадан өткізілгеннен кейін айналысқа түсірілуі керек. Ол жоғарыда айтылғандай листинг деп аталады, сөзбе сөз аударғанда, «тізімге енгізу» дегенді білдіреді. Кез келген компания шығарған бағалы қағаздарын тиісті биржаның тізіміне ендіргеннен кейін ғана бағалы қағаз саудаға түсіріледі. Бағалы қағаздың нақты бір түрінің листингі деген оның биржа тізімінде пайда болу фактісі, яғни ол бағалы қағазды саудаға түсіруге рұқсат берілген дегенді білдіреді.