11.6. Сауда тапсырмасы
Биржа - ол делдалдар әлемі, сондықтан сатып алу-сату бұйрығын іс жүзіне асыру барысы екі кезеңде өтеді. Біріншіден, брокердің шарттасу негізінде клиенттердің тапсырмасын орындау жөнінде буйрық алуы және оны орындауы. Екіншіден, брокердің мәлімдемені биржалық саудаға енгізуі.
Биржалық нарықта сауда жүргізу үшін сатып алу тапсырмасын және сату тапсырысын саудаға енгізу механизмі болуы шарт. Биржалық нарықта ондай құжаттарды рәсімдеудің белгілі бір стандарттары бар. Бағалы қағаздар саудасының технологиясы бойынша сатып алуға сұраныс сатып алу тапсырмасымен, ал бағалы қағазды сатуға ұсыныс сату тапсырысымен рәсімделеді. Сауда тапсырмасын я биржалық саудаға дейін, я болмаса сауда барысында беруге болады.
Брокер тапсырманы орындауы үшін клиент төлем кепілдігін беру керек. Ондай кепілдік ретінде брокерге мәміленің барлық сомасына жазылған жай вексель беруге немесе мәміле сомасының белгілі-бір процентін брокердің шотына аударуға да болады. Сондай-ақ, брокерге мәміленің толық сомасы жазылған аккредитив немесе сақтандыру полисін беруге болады. Алайда есеп айырысудың ең тиімді құралы - банктік кепілдік, ол - брокердің алгашқы тала-бы бойынша барлық қарызды төлеу жөніндегі міндеттемесі. Есеп айырысудың бұндай формасы мәміле жасау мерзімі мен төлем уақытын бір-біріне жақындатады.
Биржалық сауда тапсырмасын беру техникасы сан-алуан. Ол үшін курьердің (қағаз тасушы) қызметін пайдалануга, ақылы хатты почта арқылы жіберуге, куәландырылған жедел хат немесе телекс жіберуге, телефаксты пайдалануга болады. Сөйтіп, брокер өз клиенттерінен тапсырыстарды алғаннан кейін сауда тапсырмасын тіркеуден өткізіп (қабылдап), оларды биржалық саудаға енгізеді.
Тапсырысты тіркеу (қабылдау) кезі - сауданың алдыңғы фазасы. Оны кәсіби тілде «маманданған тапсырыстармен ойын» деп атайды. Брокер бұл уақытта нарықта қалыптасқан жағдайларды талдап, түскен тапсырыстарды қайта қарап, оларға кез-келген параметрі бойынша қажетті деген өзгертулерді енгізіп, ашық бұйрықтың құрамын анықтайды. Алайда ескеретін жәйт, бағалы қағаздарды сатып алу-сату түскен тапсырмалар мен тапсырыстарды клиенттердің буйрығы негізінде дұрыс құрумен брокер шұғылданады. Берілген тапсырыстардың тапсырмаға сәйкес болуына брокер жауап береді. Тапсырыстардың орындалуы биржалық сауда кезінде жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |