Нарықтық шаруашылық түрғысынан алғанда фьючерстік сауданың мақсаты - нақты тауар нарығында бағаның өзгеруінен сақтандыру, сөйтіп кәсіпкерлердің мүддесін қорғау. Әсіресе, жетекші шикізат және отын тауарының бағасын болжау арқылы биржалық саудадан мол пайда табу.
Нарықтық экономикада бағаны болжау мүмкіндігі өндірістің қарқынды дамуы мен қоғамдастануынан және оның халықаралық интеграциялануынан туындайды. Осындай алдын-ала жасалған шаралардың негізінде фьючерстік сауда бағаның нарықтық болжам механизмін құрады. Тауар әлі өндірілмеген (өсірілмеген, қазылмаған, өнделмеген) бірақ фьючерстік шартты сатып алу-сату арқылы олардың болжам бағасы бар. Ол баға нақты өмірдегі процестердің әсеріне душар болады. Фьючерстік нарық нақты тауар нарығынан ерекше. Ол қатысушылардың құрамында, сауда орнында, нарықтың деңгейінде және басқалар да болатын ерекшеліктер.
Биржалық фьючерстік сауда механизмінің негізгі элементтері:
биржалық сауданы фьючерстік шарттармен ұйымдастыру;
есеп айырысу тәртібі және фьючерстік шарттарды жою тәртібі;
фьючерстік шарттардың орындалуын ұйымдастыру. Фьючерстік шартпен сауда оны жүргізуші брокерлік фирманың өкіліне клиенттің мәлімдемесін беруден басталады. Мәлімдемені ауызша немесе жазбаша беруге болады. Мәлімдемеде тауар туралы, жеткізу мерзімі, шарт саны және баға туралы мәліметтер болуы керек.
Брокерлік фирманың өкілі мәлімдемені, әдетте, телефон арқылы немесе тікелей биржа залындағы осы фирмаға қызмет етіп отырған брокерге береді. Егер биржаның жұмыс күні аяқталып қалса, мәлімдемені ақпараттық орталыкқа береді.
Сауда барысында биржалық брокер шартты сатып алуға (немесе сатуға) алған тапсырысын, ұсынатын бағасын және шарт санын айғайлап айтады. Өз кезегінде басқа брокерлер шарттың осындай түрін сатуға (немесе сатып алуға) алған тапсырыс бойынша өз бағасын ұсынады. Егер сатып алу бағасы мен сату бағасы дәл келсе мәміле бекітілген деп есептеліп, биржалық жүйелерде тіркеледі. Биржалық сауда аякталған соң брокерлер бекітілген мәмілелердің реквизиттерін тексеріп, одан соң ақпаратты клиенттерге жеткізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |