15.3. Фьючерстік шартты сатып алу-сату мәмілелерін жасасу және орындау тәртібі
Фьючерстік шартты сатып алу-сатуды ұйымдастырушы әрбір биржа өзінің нормативтік актілеріне сәйкес шарттарды жасасу және орындау тәртібін белгілеуге құқылы.
Фьючерстік шартты сатып алу-сатудың технологиялық процесін шартты түрде бірнеше кезеңге белуге болады. (15.1. Сурет).
1. Клиенттің шешімі. Клиент фьючерстік шарт нарығының өтімділігін бағалайды, яғни оларды еркін және тез арада сатып алу-сатуды бағалайды, сатып алу-сатуды жүзеге асыруға байланысты шығындарды анықтайды, атап айтқанда, маржаны төлеу, мәмілені жасасу мен тіркеу үшін комиссиялық төлемді, делдалдар қызметін және салықтарды төлеу. Содан кейін клиент фьючерстік шартты сатып алу-сату туралы, яғни фьючерстік саудаға қатысу туралы шешім қабылдайды.
Клиент
Делдар фирма
Биржа
Есеп айырысу палатасының мүшелері
Есеп айырысу палатасы
Достарыңызбен бөлісу: |