БАҒДАРЛАМА МОДУЛЬДЕРІ БОЙЫНША ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР
1-МОДУЛЬ. Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында білім беру жүйесінің қызметін реттейтін білім беру саласындағы нормативтік құжаттар
1.1-тақырып. Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту стратегиясы және мемлекеттік саясат. ТжКБ мазмұнын анықтайтын негізгі нормативтік құқықтық актілер
Кіріспе
1. "Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында колледж басшыларының кәсіби дамуы" тақырыбындағы біліктілікті арттыру курстарының білім беру бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) техникалық және кәсіптік білім беру (бұдан әрі-ТжКБ) ұйымдарының басшыларына арналған.
2. Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында ТжКБ ұйымдары басшыларының кәсіби деңгейін арттыру мәселесі ерекше өзекті мәселеге ие. Аталған білім беру бағдарламасы ТжКБ ұйымдары басшыларының ТжКБ жүйесінде инновациялық процестерді басқару дағдыларын дамытуға, заманауи білім беру техналогияларын енгізу бойынша басқару практикаларын жетілдіруге бағытталған.
2 - тарау. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
3. Бағдарламаның мақсаты Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ТжКБ қызметін басқаруда ТжКБ ұйымдарының басшыларын басқарушылық-ұйымдастырушылық шеберлігі мен құзыреттілігін жетілдіру болып табылады.
4. Бағдарлама мақсатына жету үшін мынадай міндеттер айқындалған:
1) техникалық және кәсіптік білім беруді жаңғырту жағдайында кәсіби білімін арттыру және жұмыс дағдыларын жетілдіру;
2) менеджменттік жүйе бойынша педагогикалық-психологиялық сүйемелдеу;
3) ТжКБ ұйымдары басшыларының, нормативтік-құқықтық басқарушылық, ақпараттық-коммуникациялық, технологиялық құзыреттерін дамыту;
4) ТжКБ ұйымдарында мониторингтік қызметтің әдіс-тәсілдерімен танысу.
3- тарау. Күтілетін нәтиже 5. Курс аяқталғаннан кейін тыңдаушылар:
1) заманауи техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің индустриалдық- экономикалық даму стратегияларын;
инженерлік-педагогикалық кадрларды диагностикалаудың маңыздылығын;
дәстүрлі және критериалды бағалаудағы оқу жетістіктерінің айырмашылықтарын;
менеджмент жүйесіндегі корпоративтік басқару принциптерін және нормативтік құжаттаманы жүргізу принциптері мен тәртібін біледі.
2) әлеуметтік әріптестіктер арасында желілік қауымдастық құруды;
мониторингтің әртүрлерін қолдануды;
қызметте басқару мен ынталандырудың инновациялық әдістерін қолдануды;
техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында білім беру процесін жобалауды біледі.
3) заманауи менеджмент технологиясын қолдану дағдыларын;
жобалық қызметті ұйымдастыру дағдыларын;
заманауи зерттеулер мен өз қызметін талдау негізінде басқару практикасын жетілдіру дағдыларын;
ТжКБ ұйымдарында білім беру процесінің сапасын дамыту, диагностикалау, бағалау процестеріне және мониторинг жүргізу дағдыларын меңгереді.
4 - тарау. Бағдарламаның мазмұны 6. Бағдарлама 5 модульден тұрады:
1) нормативтік - құқықтық модуль;
2) басқарушылық;
Ескерту: Басшы кадрлар үшін басқарушылық модулі енгізіледі.
3) мазмұндық;
4) технологиялық;
5) вариативтік.
1.1-activity.ТжКБ қызметін реттейтін қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің тізбесін жасаңыз
1) Конституция, конституциялық заңдар, кодекстер, заңдар;
2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң Конституциялық Заң күшi бар Жарлықтары; Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлықтары; Қазақстан Республикасы Президентiнiң өзге де нормативтiк құқықтық Жарлықтары;
3) Қазақстан Республикасы Парламентi мен оның палаталарының нормативтiк қаулылары;
4) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк қаулылары;
5) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң, Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің нормативтік қаулылары;
6) Қазақстан Республикасының министрлерi мен өзге де орталық мемлекеттiк органдар басшыларының нормативтiк құқықтық бұйрықтары;
7) орталық мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық қаулылары;
7-1) Алынып тасталды - ҚР 2007.07.27 N 315 Заңымен.
7-2) құрылымына ведомство кіретін мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерінде оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде орталық мемлекеттік органдардың ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары;
8) мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері.
№ р/н
ҚР БҒМ бекітілген қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің атауы