3. Автордың өзіндік қолтанбасына назар аудартуға үйретеді.
Тапсырма беріп, жазылған мәтінді күту маңызды емес,маңыздысы мәтін жазылып болғаннан кейінгі жұмыс: талқылау, жазылған мәтін автордың көркем әлеміндегі қаншалықты орынды. Бұл жерде қосалқы А/И2. «Автор бейнесі» оқу мақсаттарын іске асыруға болады.
4. Мәтін арқылы өзінің күйзелсі туралы айтуға көмектеседі.
- 7-сыныпта «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» жырының мазмұнын меңгергеннен кейін түсіну, білу деңгейінен анализ жасау, интерпретациялау деңгейіне өту үшін қызығушылығын ояту мақсатында фанфик термині туралы ғылыми мағлұмат беріледі. Оқушыларға:
- Фанфик жазуға негіз болатын түпнұсқа таңдаңыз (көркем шығарма, фильм, видео ойындар, аниме);
- Оқиғаңы қызықты құрастырыңыз (оқиғаның басталуы, байланысуы, шешіміне назар аударыңыз);
- Алғашқы абзац маңызды. Оқырманды қызықтыру үшін оқиғаны шым-шытырық әрекеттен, жұмбақ істерден бастаңыз;
- Фанфик сюжетіне қандай да бір элемент қосуға болады. Мысалы: кейіпкер, эпизод;
- Детальға назар аударыңыз;
- Оқиғаны бірнеше бағытта дамытыңыз;
- Оқиға соңын жоспарлаңыз;
- Жазған оқиғаңызды оқырман көзімен тұтас оқып шығыңыз. Бұл - маңызды.
- Жұмысыңызға айтылған жақсы сынды қабылдаңыз. Оқырмандар комментарийлерінен қорытынды шығарыңыз, - деген детальдардың маңыздылығы да айтылады.
Талдау кезінде ерекше құлшыныс тудырып, жаңа леппен сабақ басталғанда топтарға бөліну арқылы тапсырмалар жүзеге асырылады:
1-тапсырма. Жырдағы оқиғадан басқа тағы қандай оқиға болуы мүмкін еді? Қосымша эпизод енгізіп жаз.
Ау, Сарыбай достым! Кешегі әңгіме күні бойы ойымнан кетпей қойды. Ішкі сырымды сенен қайтіп жасырайын. Екеуміздің әйеліміздің де аяғы ауыр. Сол шіркіндер бірі ұл, бірі қыз тапса не істейміз? – деді.
Аузын ашса көмекейі көрінетін Сарыбай:
Ау, досым-ау, құдай сондай күнге жеткізсін десеңші. Төс қағысқан құда боламыз. Күйеу жүз жылдық, құда мың жылдық деген. Айтқаның келсін, ниетің құдайдың құлағына шалынсын, - деді жанары жасқа толып.
2-тапсырма. Әрі қарай қандай оқиға болуы мүмкін? Қозы өлімінен кейін Баянның тағдыры қалай болуы мүмкін? Оқиғаны жалғастырып жаз.
Қодар Қозыны жекпе-жекте жеңгендей бөсіп барды. Қозы өлімін көргенде Баян қара түнекте қалғандай болды. Қарабай қызын құшақтап, өтірік жылаған болып, әкелік міндетін ақтады. Баян біресе есінен танып, біресе есі кіріп, үш күн, үш түн дамыл таппады.
3-тапсырма. Бұл кейіпкердің шығармадағы орны қандай? Ол бұл шығармада болмағанда оқиға желісі қалай болар еді? Жалғастырып жаз.
Тайлақтың кенже інісі Айбас сері елінің намысы үшін жолға шықты. Қарабайдың тоқсан мыңның ізімен жүре берді. Ер Айбас Көктаймен өрге шауып, Аягөзге келіп жетеді.
4-тапсырма
Үзіндіні оқы. Қарабай мен Қодар бейнесін іс-әрекеті арқылы жағымды кейіпкерге айналдыр.
Келіпсің сөйлескелі өңшең кедей,
Қайтсаңшы, жаның олжа, бірің өлмей.
Қой десем де, қоймайсың сен он екің,
Тым болмаса қайтсаңшы таяқ жемей.
Көрмессің Қарабайдай пейілі тарды,
Жылқыдан Бақа айғырды мініп алды.
Сегіз өрме, бұзау тіс қамшысымен,
Бәрінің тарсылдатып басын жарды.
5-тапсырма. Үзіндіні оқы. Трагедиялық сюжетті комедиялық сюжетке айналдырып жаз немесе жырдың бір сюжетін пьеса түрінде ұсын.
Қозы өлген соң, тірліктің қажеті не? Аққудың сыңарындай сұлу Баян елмен қоштасып, жермен бақұлдасып, аямай өзіне-өзі қанжар салды. Әркімнің де адал болсын құдай қосқан ақ ниет сүйген жары!
6-тапсырма. Оқиға дамитындай етіп диалогты ары қарай дамытып жаз. Диалогты қызықты құрастыр.
- Терең құдыққа қалай түсемін? – деді Қодар гүжілдеп.
- Менің бұрымымнан ұстап, бір ұшын білегіңе байлап түс. Сүйіктісі шашын ұстатқанда Қодар батыр су алып беруге жарамай ма?
Қодар қыз бұрымынан ұстап, құдыққа түсіп, Баянға екі рет кебіспен су әпереді.
- Шөлің қанса, тарт мені, Баян. Құдық іші суық екен, тоңып кеттім.
Жұмыс соңында шығармашылық жазбаларынан алған әсерлерін талдайды. Әр оқушы төмендегі аңдатпаны толтыру арқылы іс-әрекетіне рефлексия жасайды. Мұғалімдер көбінесе көңіл күйге рефлексия жасатуды әдетке айналдырғанмен, теориялық біліммен байланыстыра отырып:
- Жанрын анықтату;
- Кейіпкерлерін көрсету;
- Жұмысының мәртебесін анықтату;
- Өзіндік жеке ескертпелер жазу арқылы да рефлексия жасатуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |