Бағдарламалық сұрақтар Бөлімнің аты: Нәруыздар. Ферменттер


Глюкозаның пентозофосфатты жолмен тотығуы. Сызбасы. Маңызы



Pdf көрінісі
бет19/57
Дата06.02.2023
өлшемі0,97 Mb.
#65587
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   57
Байланысты:
50 сұрақ

 
15. Глюкозаның пентозофосфатты жолмен тотығуы. Сызбасы. Маңызы. 
Пентозофосфатты (фосфоглюконатты) жол - глюкозо-6-фосфаттың тотығуының 
альтернативті жолы. 
Пентозофосфатты жол 3 сатыда өтеді, әp6ip сатыда бірнеше реакциялар бар. 
1 сатысы - тотығу фазасы – дегидрогеназды-декарбоксилазды жүйе арқылы жүзеге асады. 
Бул фаза глюкозо-6-фосфаттың 6 молекуласының глюкозо-6-фосфатдегидрогеназаның 
(коферменті НАДФ) қатысуымен дегидрленуі нәтижесінде өтеді. Бұл кезде тотықсызданған 
НАДФ және фосфоглюконолактон түзіледі. Фосфоглюконолактон НАДФ-тәуелді фермент 
арқылы дегидрленіп, декарбоксилденіп бірнеше аралық реакциялар арқылы пентозо-5-
фосфатқа (рибулозо-5-фосфатка) айналады. 
2 сатысы - изомерлену, изомеразалар катализдейді. Бұл сатыда пентозо-5-фосфаттың кето 
формасы енольды формасына (рибозо-5-фосфатқа) айналады 
3 сатысына көмірсулардың структуралық қайта құрылуын катализдейтін ферменттер 
қатысады. Бұл реакцияларға транскетолазалар (коферменті В1 витамині) қатысады. ПФЦ-ң 
аралық өнімдері: 2 молекула ФГА және 4 молекула фруктозо-6-фосфат түзіледі, бұл өнімдер 
гликолизге түcyi мүмкін, негізінен 2 ФГА-н фруктозо-6-фосфат түзіледі де, фруктозо-6-
фосфаттың саны беске жетеді, 5 молекула фруктозо-6-фосфат глюкозо-6-фосфатқа 
изомерленеді. Глюкозо-6-фосфаттағы бір молекула глюкозо-6-фосфатты қосып алып, 


пентозды циклге қайта түседі. 
 Глюкозаның пентозофосфатты жолмен тотығуының маңызы: 
1. Организмнің НАДФН-қа қажеттілігінің 50%-ы пентозофосфатты жолдың есебінен 
толықтырылады. Осы циклде түзілген НАДФН2 келесі үрдістерге жұмсалады: 
а) БМК, ХС және КД биосинтезіне; 
ә) ксенобиотиктер мен кейбір эндогенді метаболиттердің залалсыздануы кезіндегі 
гидроксилдену реакцияларына; 
б) аммиакты залалсыздандыру үшін және алмастырылатын амин қышқылдарын 
тотықсызданудан аминдену реакцияларына; 
г) кан жасушаларының НАДФН-оксидазды жүйесінің жұмысына 
2. Пентозды циклдің аралық өнімдері болып табылатын пентозалар нуклеин кышкылдарының 
(НҚ), нуклеозидтрифосфаттардың (НТФ), коферменттердің, гликозамингликандардыц (ГАГ) 
түзілуіне жұмсалады. 
3. Пентозофосфатты циклде пентозаның артық мөлшері глюкозаға айналып, ол гликоген 
түрінде қорға жиналуы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет