Бағдарламалық сұрақтар Бөлімнің аты: Нәруыздар. Ферменттер



Pdf көрінісі
бет2/57
Дата06.02.2023
өлшемі0,97 Mb.
#65587
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57
және құнды емес болып бөлінеді. Құнды нәруыздарға құрамында барлық 8 
алмастырылмайтын амин қышқыл бар нәруыздар жатады. Егер нәруыз молекуласында 
алмастырмайтын амин қышқылдарының ең болмағанда біреуі болмаса, онда ондай нәруыз 
құнсыз деп аталады. 
Адам нәруыздарының құрамына 20 амин қышқылы кіреді. Амин қышқылдары(АҚ) 
алмастырылатын, шартты түрде алмастырылатын және алмастырылмайтын болып бөлінеді. 
Адам бойында түзiлмейтiн алмастырылмайтын амин қышқылдары: валин, метионин, 
триптофан, треонин, фениаланин, лизин, лицин, изолейцин, ал жас балалар үшiн 
гистидин мен цистеин қосылады. Алмастырылатын АҚ ағзада синтезделеді. 
Дипептид байланыс 
Глицин+Аланин=Глицилаланин 
2. Нәруыз молекуласындағы байланыс түрлері, олардың нәруыз құрылымдарын 
түзілуіне қатысуы. Трипептидті жазу және оны атау.Денатурация және ренатурация. 
Денатурациялаушы агенттер. Денатурация механизмі 
Нәруыз молекуласындағы негізгі байланыс түрлері: пептидтік байланыс, 
дисульфидті байланыс, сутектік байланыстар, иондық байланыс, гидрофобтық әрекеттесу. 
Табиғи нәруыздардың құрамына кіретін амин қышқылдарының көптігіне карамастан, 
белок молекуласындағы амин қышқылдарының байланысу тәсілдері көп емес. Амин 
қышқылдарының арасындағы байланыстар eкi түрлi болады: 1) ковалентті, берік байланыс;
2) ковалентті емес, әлсіз байланыс. 
1)Ковалентті байланыстар. Белок молекуласындағы амин қышқылдарының арасындағы 
негізгі байланыс - пептидтік байланыс. Пептидтік байланыс бip амин қышқылының 


карбоксил тобы екінші амин қышқылының α-амин тобымен әрекеттескенде түзіледі. Егер 
пептидтік байланыс арқылы eкi аминқышқылы байланысса - дипептид, үш амин қышқылы - 
трипептид, көп амин қышқылдары әрекеттессе - полипептид түзіледі. 
Глицин+Аланин=Глицилаланин 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет