31. Қандағы кальций мен фосфаттардың деңгейін реттейтін гормондар (паратгормон,кальцитонин, кальцитриол), түзілетін орны, химиялық табиғаты туралы түсінік, нысана- жасушалары, әсер ету механизмдері, физиологиялық әсері, секрециясының реттелуі Кальцитонин - қалқанша безінің парафолликулярлы жасушаларының гормоны. Қалқанша
безінің қабырғалары кубтәрізді эпителиймен тысталған фолликулалардан тұрады. Қалқанша
безінің фолликулаларының коллоидында екі гормон - трийодтиронин пен тетрайодтиронин, ал
парафолликулярлы жасушаларында тиреокальцитонин (кальцитонин) гормоны түзіледі.
Химиялык табиғаты: кальцитонин 32 амин қышқылының калдығынан тұратын полипептид.
Әсep ету механизмі: кальцитонин баска да белокты-пептидтік гормондар сияқты
аденилатциклазаны белсендіру арқылы әсер етеді.
Нысана-жасушалары: сүйек тіні, бүйрек, ішек қабырғасы.
Физиологиялык әсері: жануар организмінде кальций мен фосфор алмасуын реттейді.
Сүйек тініне әсері: кальцитониннің әсерінен остеокластардың белсенділігі мен
дифференцировкасы тежеледі. Деминерализацияның тежелуі ғана емес кальцийдің каңқада
фиксациялануы күшейеді.
Бүйрекке әсері: Кальцитонин біріншілік зәрден кальцийдің реабсорциясын азайту арқылы
оның ор- ганизмнен шығарылуына ықпал етеді. Кальцитонин әсерінен фосфаттар, натрий
зәрмен шығарылады, осы жагдайда диурездің артуы байқалады.
Ішек қабыргасына әсері: кальцийдің және фосфаттардың сіңірілуінің тежелуіне бағытталған.
Кальцитонин асқазанда жэне он екі елі ішекте түзілетін ас қорыту жолдарының гормоны -
гастриннің түзілуін тежейтіні анықталган.Кальцитонин трипсиннің, амилазаның, тұз
қышқылының түзілуін бәсендетіп, ішекте калийдің, натрийдің, хлордың жэне судың
секрециялануын арттырады.
Секрециясынын реттелуі: Гормонның секреция қандағы кальций мөлшерімен реттеледі:
гиперкальциемия секрециясын арттырса, ал гипокальциемия оны тежейді.
Паратгормон