Химиялык табиғаты:паратгормон - 84 амин кышкылынан түратын жай белок.
Әсер ету механизмі:біріншілік, ц-АМФ аркылы.
Нысана-жасушалары: сүйек тіні, бүйрек, ащы ішектің кілегей қабаты
Сүйек тініне әсері: сүйек тінінде 3 түрлі жасушалар - остеобластар, остеопиттер және остео-
кластар бар. Паратгормонның әсерінен остеокластар мен остеопиттердің активтілігі
стимулденеді. Остеокластардың саны артады, остеобластардың активтипп уақытша
тежеледі.Остеоциттер мен остео кластарда қышкылдык фосфатазаның, коллагеназаның,
фосфорилазаның активтілігі артады.Белоктар, соның ішінде коллаген жеке амин
кышқылдарына дейін ыдырайды, бұл кезде канда оксипролин мөлшері артады, ол бүйрек
аркылы зәрмен шығарылады.
Бүйрекке әсері:Паратгормонның эсерінен бүйрек каналда біріншілік зәрден қанға кальций
мен магнийдің реабсорбциясы (кері сіңірілу) артады. Фосфаттардың, калий мен
бикарбонаттардың зәрмен шығарылуы артады, ал аммоний, протондардың, магнийдің
экскрециясы төмендейді.
Ішектің кілегей қабатына әсері: паратгормон Са2+-ң ішектен канға сіңірілуін
күшейтеді.Паратгормоннын әсерінен бүйректе кальцитриолдын түзілуін тездететін фермент -
а-гидроксилазаның активтілігі артады.Кальцитриол кан ағысымен ішек кабырғасына түсіп,
гормон сиякты әсер етіп, Са-тасымалдаушы белоктын түзілуіне әкеледі. Осы белоктың
әсерінен кальцийдің және онымен байланыскан фосфордың ішек қабырғасына сіңірілуі
артады.
Паратгормон секрециясынын реттелуі кандағы кальций мөлшеріне кері байланыс принципі
бойынша жүзеге асады.
32. Тиреоидты гормондар: трийодтиронин және тетрайодтиронин, олардың түзілуі. Химиялық табиғаты, нысана-жасушалары, әсер ету механизмі, физиологиялық әсері,
секрециясының реттелуі. Қалқанша безінің гиперфункциясы мен гипофункциясы