|
Иммундық жүйеге тигізетін әсеріБайланысты: 50 сұрақИммундық жүйеге тигізетін әсері: ГКС иммунды тежегіштер, себебі көкбауыр жэне айыр
тәрізді бездерде лимфоидтық тіндердің кері дамуын туғызады, тимоциттердің лизисін,
артиденелердің түзілуін тежейді Т-лимфоциттердің бөлінуін тоқтатады.
Қабынуга қарсы әсері: ГКС қабынуға қарсы әсер көрсетіп, гистамин мен серотониннін
бөлінуін тежейді.
-олар жасуша құрылымынан арахидон қышқылының шығуын тежейді, фосфолипаза генінің
транскрипциясын тежеу арқылы. Нәтижесінде простагландиндер, лейкотриендер,
тромбоксандар түзілуі шектеледі.
- қабыну ошағына лейкоциттердің келуін тежейді және фибриобластардың жергілікті
бұзылуын төмендетеді
- пролилгидроксилазаның синтезін тежейді
-олар кининдердің деңгейін төмендетеді, ки- нин жүйесін бұзатын, пептидазаның синтезін
стимульдейді
Бүйрек үсті безінің кыртыс кабатының гиперфункциясы Иценко-Кушинг ауруына әкеледі .
Клиникалык, белгілері: Әлсіздік, аяк-кол бұлшык еттері ыдырап кол-аяк жіңішкереді, сонымен
катар май кұрсак куысына, кеудеге, бетке жиналады.
Бүйрек үсті бездерінің гипофункциясьнда «Аддисон ауруы» пайда бодады. Пайда болу
себепттсрі: бүйрек үсті бездерінін туберкулезі, өспе, кан кұйылу, аутоиммунды кабыну -
адреналит, гипогаламус және гипофиз аурулары. Клиникалык белгілері: Шаршау. бұлшык ег
әлсіздігі. ұйкы басу, сусьгздану. жүрек айну, Кұсу, дене салмағының азаюы,бас айналу,
гипотензия. пигментация, гипогликемия томен. К+ денгейі жоғары, лимфоциттердің саны
артады.
34. Бүйрекүсті бездерінің милы қабатының гормондары (адреналин, норадреналин),
түзілуі, гормондардың рецепторлары, әсер ету механизмі, физиологиялық эффектілері,
секрециясының реттелуі.
Катехоламиндер ( адреналин жэне норадреналин) бүйрек үсті безінің милы затында түзіледі.
Олар амин қышқылы тирозиннен синтезделеді. Норадреналин барлық органдарда,
симпатикалық жүйке жүйесінің ұштарында синтезделеді.
Тирозин→ Диоксифенилаланин (+О2)→ Диоксифенилэтиламин (-СО2) → Норадреналин→
Адреналин(+метионин)
|
|
|