Артикльдер зат есімнің алдына қойылатын қызметші сөздер, олар затқа қосымша сипаттама береді.
Ағылшын тілінде артикльдің екі түрі бар.
Олар : 1. Белгісіздік артиклі: a / an/. Бұл артикльдер тек саналатын зат есімнің алдында қолданылады. Мысалы: а desk, a map, a computer, a man, a bag etc.
Белгісіздік артиклі сөйлемде бір деген мағынаны береді және зат есімнің жекеше түрімен қолданылады. Мысалы: She is a student (жекеше). – Ол студент. Зат есімнің көпше түрінде артикль қолданылмайды.
Мысалы: We are students. Біз студенттерміз.
Белгісіздік артиклі қолданылмайды:
А) саналмайтын және абстрактілі зат есімдерге :
I like coffee and tea. Friendship is very important in our life.
В) зат есімнің көпше түріне :
They are pupils. We are doctors. There are many desks and chairs in our classroom.
С) адам аттарының алдында
Д) зат есімнің алдында өздік есімдігі және сілтеу есімдігі келсе :
This car is better than that. The bike is old.
Е)зат есіммен қатар есептік сан есім келген кезде :
Read the text on page eight.
“A’ артиклі мынадай конструкцияларда қолданылады.
I have a …, This is a …, I am a …, What a fine day! What a good boy!
Белгісіздік артиклі өзінен кейін келген зат есім дауысты дыбыстан басталса, “An” болып қолданылады. Eg: an actor, an elephant, an orange, an ox etc.
|