Beginning the lesson
|
Зат есімнің көпше түрі – s жалғауы жалғану арқылы жасалады: a pen – pens, a bag – bags, a pupil – pupils.
Зат есімнің жекеше түрі, түбірі - ch, - s, - es, - sh, -x-ке аяқталса, о- ға аяқталса – es жалғауы жалғанады: a box –boxes , a hero- heroes , a dress – dresses, a bus – buses, a match – matches.
Зат есім дауыссыз дыбыстан кейін У- ға аяқталса, - іеs жалғауы жалғанады. Мысалы: a city- cities, a baby – babies.
Зат есім F( - fe ) - ve аяқталса көпше түрінде f - v - ге өзгеріп - es жалғанады.
Ex: a knife – knives, a shelf – shelves, a leaf – leaves.
Зат есімнің көпше түрінің ерекшелігі сөз түбіріндегі дауысты дыбыстар өзгереді. Мысалы: a woman – women, a foot – feet, a tooth – teeth,
a goose – geese, a mouse – mice.
Cонымен қатар көпше түрінде -en жалғауы жалғанатын сөздер бар.
An ox – oxen, a child – children. Ағылшын тілінде жекеше түрінде және көпше түрінде бірдей форма беретін сөздер бар. Олар: a deer – deer, a sheep – sheep, a fish – fish, a swine – swine. Бірнеше зат есімдер тек қана жекеше немесе көпше түрінде ғана айтылады. Мысалы: money, hair, business, information, news, love, peace, knowledge, advice, luggage, sugar, fruit, progress, furniture. Ағылшын тілінде кейбір сөздер екі бөліктен тұратындықтан көпше түрінде айтылады. Ex: trousers, glasses, scissors, shorts, ал өздігінен тек қана көпше түрде айтылатын сөздер бар. Мысалы: goods, clothes, riches, thanks, manners, looks.
Кейбір ағылшын тіліндегі зат есімдер тек қана жекеше түрінде қолданылады:
News, progress, information, watch. Кейбір ұлттардың атауларының алдында ”the” артиклі қойылып және көптік жалғауынсыз үнемі көпше түрде қолданылады. Мысалы: the Dutch, the English, the French, the British, the Spanish, the Welsh.
|
|
marks
|
Student’s book
|
Middle
|
СҰРАҚТАР
1. Зат есімнің көпше түрін тап.
2. Ережеге бағынбайтын зат есімді көрсет.
3. Ox сөзінің көпше түрін тап.
4. Sheep сөзінің көпше түрін көрсет.
5. Көпше түрінде түбіріне жалғау жалғанбайтын сөзді тап.
6. Көпше түріне -es жалғанатын сөзді белгіле.
7. Көпше түрінде оқылуы ерекше сөзді тап.
8. Көпше түрінде өзгеріске ұшырайтын сөзді тап.
9. Көпше түрдегі сөзді көрсет.
10. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қой. There are many … in the river.
11. Көпше түрі жоқ сөзді көрсет.
12. Көпше түрінде ерекшеленетін сөзді тап.
13. Қай сөз тек қана көпше түрде қолданылады.
14. Тек қана көпше түрде тұрған сөзді тап.
15. -s жалғауы жалғанатын сөзді көрсет.
16. Find the correct plural forms of the compound words.
|
Match
|
Emoticon, marks
|
Student’s book
|