Бағдарламаның мазмұны: дені сау баланы тәрбиелеуді, өз денсаулығына саналы түрде қарауды, салауатты өмір салты негіздерін, қауіпсіз өмір сүру дағдыларын қалыптастыруға



бет2/2
Дата04.05.2023
өлшемі1,38 Mb.
#89709
түріБағдарламасы
1   2
Байланысты:
Документ (1)

Іс-әрекет түрі: Әлеуметтік-эмоционалды дағды
Іс-әрекет тақырыбы: “Құстар ”
Міндеттері: эмоционалды жағымды қарым-қатынас орнату, рухани-адамгершілік құндылықтарды дамыту, бірлескен ойындарға қатысуларына жағдай жасау.
Ойын арқылы іс-әрекетке бағыттау: “Сөйлейтін төбе”
Төбеге құстардың суретін іліп қоямыз. Балаларға ілініп тұрған құстардың атын атап, таныстырамыз. Содан кейін балалардан құстар қай мезгілде жылы жаққа ұшып кетеді және қай кезде оралатындығын сұраймыз.
Ойнайықта ойлайық: 1.Балаларды шағын топтарға бөлу
Балаларды 4топқа 4түрлі құсты өз қалаулары бойынша таңдатып бөлу қажет. Әр топқа құстарға байланысты тапсырмалар беру.

1ші топқа: Үкіні түрлі түсті қағаз қиындыларыннан қиып алып, жапсыру


2ші топқа: Тотықұстың суретін салу
3ші топқа: Көгершінді ермексазбен мүсіндеу
4ші топқа: Қарлығаштың суретін салу
Төрт топқа 4түрлі құстың суретін (үкі, тотықұс, көгершін, қарлығаш) шығарып ортаға қойып қоямыз. Балалар сол суретке қарап берілген тапсырмаларды орындайды.
Қосымша: Балалармен бірге құстарға ұя(үйшік) жасауға болады. Бұл арқылы балалар ұйымшылдыққа, білесіп жұмыс жасауға үйренеді
2. Дербес әрекет
Балаларға құстардың суреттерін таратып беріп, сол туралы әр баладан сұраймыз. Қолдарындағы суретте қандай құс екенін, ол қай жерде мекендейтінін, құстардың немен қоректенетіндігі жайлы сұраймыз.
Ойын: “Кім жылдам”
Барлық баланы шеңбер қылып тұрғызып, құстар, үй жануарлары мен жабайы жануарлардың атын араластырып айтамыз. Құстарды атаған кезде қолдарын жоғары көтереді, үй жануарларын атаған кезде бір рет шапалақ ұрады, жабайы жануарды атаған кезде отырады.
Қ


орытынды:
Балалардан қандай көңіл-күйде екендіктерін сұрап, сол бойынша құстарды таңдауларын сұрау.



Қорытындылай келе, мектепке дейінгі жаста баланың дамуы өте маңызды рөл атқарады. Балалар ойын арқылы қоршаған ортамен, адаммен, олардың еңбегімен, қарым – қатынасымен танысады. Ойын арқылы олардың ой-өрісі дамиды. Ойын үстінде балалар әртүрлі рөлде жолдастарымен қарым – қатынас жасауға, ойын үстінде ойлана отырып жауап беруге, қиялдауға, елестетуге қабілеттері қалыптасады. Сөздік ойындары балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамытады. Ойыншықтарды пайдалана білуге үйренеді. Арнайы ойын ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің мазмұнына қарай танымдық, дамытушы ойындарды, тапсырмаларды қолдану, балаларды заттарды бір – бірімен салыстыруға, оларды қасиетіне қарай ажыратуға және оны танып білуге үйретеді. Сөйтіп бала топтағы жасына сәйкес бағдарламалық міндетті меңгереді. Бала тәрбиесі әр уақытта үлкен мәселе болып саналады. Әрбір қоғамның дамуына байланысты бұл мәселе әрқалай шешіліп отырған. Қазіргі жаңару кезеңінде біздің қоғамымыздың ілгерілеу процесінде адам факторы және оны жандандыру, ел өмірінің барлық жақтарын жаңарту бала тәрбиесінің мәні мен оның проблемаларын күрделендіріп отыр. Осыған байланысты тәрбие берудің тиімділігі мен сапасын арттырудың негізгі бағыты – барлық тәрбиелік істе әрбір баланы жеке тұлға деп танып біліп, жан-жақты қалыптастыру басты мәселе болып табылады. Ойынмен ұйымдастырылған іс-әрекет балаларға көңілді, жеңіл келеді. Сол себептен баланы дамытуда ойынның маңызы зор. Жалпы ойын балалардың жас ерекшеліктеріне сай етіліп таңдалып алынғаны дұрыс. Бала ойын іс – әрекеті үстінде білімді қалай игеріп жатқанын, ал оқу үрдісінің қалай ойынға ұласып кеткенін аңғармай қалуы тиіс. Іс-әрекет үстінде балалардың біліктілігі, іскерлігі, дағдысы, дүниетанымы дамиды. Сол арқылы біз нәтижеге қол жеткізе аламыз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет