Мусс «Карамельді Латте». (16см)
(Мусс «Карамельная латте»)
1 салмаға арналған керек заттар (Ингредиенты на 1 начинку)
Құрамы:
Ұсақ қант (мелкий сахар) –100 гр маңызды!!! (важно!!!)
Сарымай 82,5% (слив. масло)–30 гр.
Кілегей 33-35% (сливки) –80 гр «карамель дайындауға»
(для приготовления карамели)
Кофе (еритін), (растваривый)– 2 гр
Желатин – 4-5 гр (20-25 гр су)
Кілегей 33-35% (сливки) – 130 гр «шайқауға» (для взбивания)
Дайындалуы:
Желатинге су құйып алдын-ала бықтырып қоямыз. Кілегейге (сливки) кофені салып микротолқынды пеште (микроволновая печь) кофе ерігенше қыздырып аламыз. Қантымызды түбі қалың тостағанға салып төменгі отқа қойып, толық ерігенге дейін ерітеміз. Қоңырқай сары (янтарный цвет) болған кезде бөлме температурасындағы сарымайды саламыз. Кофе араласқан сливкиді 3-4 бөлікке бөліп құямыз. Кілегейдің әр бөлігін құйған кезде жақсылап араластырамыз. Оттан алып, 2-3 минуттан кейін дайын болып бығып тұрған желатинді саламыз. Қанттың ерімеген түйіршіктері қалған болған електен (сито) өткізіп алуға болады. Кілегейдің жеке өзін орташа қоюланғанша (полувзбитые сливки) шайқаймыз. Жартылай суыған карамельді кілегейге қосып, ақырындап силиконды күрекшемен (силиконовая лопатка) арластырамыз. Диаметрі 16 см 2 формаға теңдей етіп бөліп, толық суығанға дейін мұздатқыш (морозильник) салыамыз.
_________________________________________
Кремчиз:
Құрамы: Сүзбелі ірімшік (творожный сыр) – 600 гр.
Кілегей 33-35% (сливки) – 130 гр
Қант ұнтағы (сахарная пудра) – 90-120 гр.
Дайындалуы: Барлығын бірге қою крем болғанға дейін араластырамыз. Дайын!
_______________________________________ Ылғалдандырудың (пропитка) 3 түрлі нұсқасы берілді. Қалаған ылғалдандыруды қолдансаңыздар болады. Біз какаолы ылғалдандыруды (Какао пропитка) пайдаландық.