Тыңдаушылар оқу бағдарламасының өз тобына берілген тармағын талқылайды.
Оқу бағдарламасының өз тобына берілген тармағындағы негізгі мәселелерді түртіп алады.
Топтар оқу бағдарламасының өздері қарастырған тармағы тұрғысынан жаңартылған білім беру бағдарламасының маңызды ерекшеліктерін барлық тыңдаушыларға таныстырады.
1-күн 2-сабақ – «Музыка» пәні бойынша оқу бағдарламасы және оқу жоспарлары: сабақ мақсаттары
Мұғалімдерді «Музыка» пәні бойынша оқу бағдарламасы мен оқу жоспарымен таныстыру
Оқу бағдарламасы мен оқу жоспары өзара қалай байланысатыны туралы түсінік қалыптастыру
1-күн, 2-сабақ. Бөлімдер мен бөлімшелер
Бөлімдер
Бөлімшелер
1. Орындау
1.1 Ән айту және аспапта ойнау (жеке және топ құрамында);
1.2 Музыкалық түсінікті дамыту.
2. Түрлі құралдар, сонымен қатар цифрлік музыкалық технологияларды қолдана отырып музыкалық композицияларды жасау