8.1.3.8 берілген екі элементі бойынша тікбұрышты үшбұрыштың бұрыштары мен қабырғаларын табу
Сабақ мақсаттары
синус, косинус, тангенс және котангенсінің мәндерін бұрыштарды анықтау үшін қолданады;
тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштарын табады;
қолданбалы есептерді шығарады.
Бағалау критерийлері
-синус, косинус, тангенс, котангенс анықтамаларын біледі;
-есеп шығаруда синус, косинус, тангенс, котангенс анықтамаларын қолданады;
-қолданбалы есепті шығарғанда математикалық моделңн құрады
- есептің шарты бойынша жауабын жазады.
Пәндік лексика мен терминолия тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының синус, косинус, тангенс және котангенс мәндері;бұрышқа іргелес катет;бұрышқа қарсы жатқан катет.
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер - тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының синусының анықтамасы бойынша, берілген бұрышқа қарсы жатқан катет.....
- тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының косинусының анықтамасы бойынша, берілген бұрышқа іргелес жатқан катет.....
тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының котангенсінің анықтамасы бойынша, берілген бұрышқа іргелес жатқан катеттің.....
Құндылықтарды дарыту
Бір-бірін тыңдау, кезекпен сөйлеу, өз ойын нақты жеткізу, дәлелдер мен мысалдар келтіру, өздігінен үйренуге талпыну, академиялық шыншылдық, топтық және жұптық жұмыстарда ашық болу.