Брахмандар
Жол-жора мәтіндер жинағы. Оларға
буддизмнің пайда болуына
дейін үстем болған брахманизм діні негізделді.
Араньяктар
Орман тақуаларының кітаптары.
Упанишадтар
Б.з.д. I мыңжылдық шамасында пайда болды. Мағынасы -
«жанында отыру», яғни өсиет-нақыл тыңдап,
ұстаздың аяғының
қасында отыру мағынасында; немесе «құпия тылсым білім». Бұл
мәтіндерде ең бірінші себептілік мәселесі,
болмыстың бастауы
мәселесі басым келеді, оның көмегімен барлық табиғат
құбылыстарының және адамның пайда болуы түсіндіріледі.
Упанишадтарда басты орынға болмыстың
ең басты себебі мен
алғашқы негізі ретінде рухани бастау - брахман немесе атманды
алатын ілімдер ие болады. Упанишадтар мәтіндерінің көпшілігінде
брахман және атман рухани абсолют, табиғат пен адамның денесіз
ең бастапқы себебі ретінде түсіндіріледі. Упанишадтардағы таным
теориясының басты мәселесі білімді екі түрге: жоғарғысына және
төменгісіне бөлу. Төменгі білім
- эмпирикалық шындық туралы
білім. Жоғарғысы - рухани абсолют туралы білім, оған тек
мистикалық
интуиция, йогтык тәжірибенің көмегімен ғана қол
жеткізуге болады. Нақ осы білім әлемге билік ету мүмкіндігін
береді.
Упанишадтар негізінде Үндістанда пайда болған барлық немесе барлық дерлік бұдан кейін
пайда болған философиялық ағымдар үшін негіз болып табылады,
өйткені онда ұзақ уақыт
бойына Үндістанның философиялық ойын «қоректендірген» идеялар қойылып, өңделді.Ежелгі
үнді философиялық мектептерін екі бағытқа бөліп қарастырамыз:
а) Астика – Ортодоксалды
(Веданы мойындайтын) философиялық мектептер.
Достарыңызбен бөлісу: