Бағдарламасы. 1 тарау. Жалпы ережелер



Pdf көрінісі
бет25/82
Дата14.11.2022
өлшемі2,5 Mb.
#50089
түріБағдарламасы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   82
Философия функциясы - философия мақсатын, міндетін, тағлымын жүзеге 
асырудағы философияның атқаратын қызметі. Философияның негізгі функциялары: 
- дүниеге көзқарастық; 
- методологиялық: 


теориялық; 
- гносеологиялық;
- сыншылдық; 
- аксиологиялық; 
- әлеуметтік; 
- тәрбиелік-гуманитарлық; 
- эвристикалық. 
Дүниеге көзқарастық функция - дүниенің біртұтастық бейнесін жасау, оның 
құрылымы жөнінде, дүниедегі адам орны, оның қоршаған ортамен байланысы туралы 
көзқарасты қалыптастыру. 
Методологиялық функция
 
- философия коршаған дүниені, шындықты, ақиқатты 
танудың негізгі әдістерін жасайды. 
Теориялық функция - философия бүкіл дүниені, құбылыстарды ұғынуды мейлінше 
жалпылайды, концептуалды - логикалық жүйелер жасайды, теориялық тұжырымдар түзейді. 
Гносеологиялық функция - философия қоршаған дүниені, шындықты, дұрыс әрі айқын 
тануды (таным тетігін) мақсат етеді. 
Сыншылдық функция - философия кез келген теорияны, білім қағидаларын сыни 
ойлаудан өткізіп, ондағы қайшылықтарды анықтап, мәнді тұстарын айқындайды. Бұл 
функцияның міндеті - догмаларды әшкерелеу, білімнің дәйектілігін пысықтау және таным 
шеңберін мейлінше кеңейту. 
Аксиологиялық функция - философия заттар мен құбылыстарды бағалағанда оларды
моральдік-әдептілік, этикалық, әлеуметтік, идеологиялық, мәдени, рухани және т.б.
құндылықтар жағынан қарастырады. 
Әлеуметтік функция - философия қоғамды зерттегенде, оның пайда болу себептерін, 
дамуын, құрылымын, қозғаушы күштерін, қоғамда болатын қайшылықтарды айқындап, оны 
шешу жолдарын, жетілдіру мәселелерін карастырады. 
Тәрбиелік функция - философия гуманистік құндылықтар мен мұраттарды адам, 
адамзат пен қоғам игілігіне жаратуды көздейді. Философия - тарих қойнауындағы барлық 
адмгершілік ізгіліктердің тәрбиелік мәнін ашып көрсетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет