Бағдарламасы 1205 орта ғасырлар тарихы 5В020300 тарих мамандығы үшін


Орта ғасырлар тарихы пәнінің өзге ғылым мен пәндерден ерекшелігі



бет4/13
Дата16.05.2023
өлшемі141,5 Kb.
#93344
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Орта ғасырлар тарихы пәнінің өзге ғылым мен пәндерден ерекшелігі. «Орта ғасырлар тарихы» пәнінің өзге тарих пәндерінен ерекшелігі генезис тарихымен байланысты, феодализмнің гүлденуі мен құлдырауы, Батыс Еуропа елдеріндегі капиталистік қатынастардың бастапқы кезеңі, Орталық Еуропа мен Византия империясының елдері, орта ғасырлар тарихының кезеңдері, Батыс Еуропалық мемлекеттіліктің эволюциялық формалары, халықаралық қатынастардың сипаты, өркениеттік дамуының ерекшеліктері, конфессиялық және мәдени дәстүрлер.
Ғылым дамуының қысқаша тарихи жолы, оның негізгі сатылары. Ортағасырлар дәуірінің ағартушылары. Романдық-германдық мәселе, оның тағдыры. Романтиктердің ортағасырлар тарихы мен мәдениетін асыра бағалауы. Эволюцияшылдық және орта ғасырлар тарихын зерттеу. Марксизм және медиевистиканың эволюциясына ықпалы. Циклдық теориялар, медиевистикадағы томаға-тұйық өркениеттер. Л. Ранке, О. Шпенглер, А. Тойнби. Медиевистика терминінің пайда болуы мен эволюциясы.
ХІХ-ХХ ғасырлардағы медиевистика. «Құлдар революциясы» теориясы. Медиевистиканың қазіргі жағдайы, ұстанымдары, зерттеу сатылары, өзектілігі. Аз зерттелген мәселелері, өндірістік күштердің өсуі, ортағасырлық мәдениеттің сипаты, феодализмнің көпварианттығы, феодалдық қоғамның алғышарттары мен қалыптасу себептері, феодализмді комплексті және жүйелі зерттеу қажеттілігі. Қазіргі таңдағы медиевистика саласының алдында тұрған міндеттер мен мәселелер.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ


Орта ғасырлар тарихы бойынша деректер (IV - XVII ғғ.)
Ортағасырлық деректер классификациясы (табиғи-географиялық, этнографиялық, заттық, көркемсуреттік-бейнелеу, жазба). Ортағасырлық жазба деректер: нарративті (баяндаушы), құжаттық, заңдық. Ерте орта ғасырлар кезеңінің маңызды құжаттары (IV ғ. соңы – XI ғ. ортасы). Варварлық заңдар жинағы. Формулалар мен картулярии, капитулярии, анналдар мен хроникалар. Феодалдық қатынастардың гүлдену кезеңінің деректері (XI ғ. ортасы – XV ғ. соңы). Поместьелік описьтер. Жерге байланысты описьтер. Қарапайым құқық ескерткіштері ( зерцала, кутюм, фуэрос). Қала хартиялары. Цехтық статуттар. Король заңдары. Кейінгі орта ғасырлар кезеңінің негізгі деректері (XVI - XVII ғғ.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет