Бағдарламасы 1205 орта ғасырлар тарихы 5В020300 тарих мамандығы үшін



бет1/13
Дата16.05.2023
өлшемі141,5 Kb.
#93344
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
imagePaper76336


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


ТИПТІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ


1205 ОРТА ҒАСЫРЛАР ТАРИХЫ
5В020300 – тарих мамандығы үшін


3 кредит

Алматы, 2016
1 Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде
ӘЗІРЛЕНГЕН ЖӘНЕ ҰСЫНЫЛҒАН


ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР:
Мырзабекова Р.С., тарих ғылымдарының кандидаты, доцент
Мийманбаева. Ф.Н., тарих ғылымдарының кандидаты, доцент


2 САРАПШЫ:
Кокебаева Г.К., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, тарих ғылымдарының докторы
Ахметова Ж., Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты


3 Ғылыми-әдістемелік Кеңестің «___» _________ 20___ жылғы мәжілісіндегі № __ хаттамасымен БЕКІТІЛГЕН ЖӘНЕ ЕНГІЗІЛГЕН
4 Типтік оқу бағдарламасы 5В020300 – тарих мамандығының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес құрастырылды
5 Оқу-әдістемелік комиссияның «_____» _____ 20___ жылғы мәжілісінде ҚАРАЛҒАН № ____ хаттама


Түсініктеме жазба

«Орта ғасырлар тарихы» пәні университеттік жалпы тарих курсының бір бөлігі және б.з. ІV ғасырынан ХVІІ ғ. бірінші жартысын қамтиды. б.з. V ғ. екінші жартысында Батыс Рим империясының құлауынан Еуропа елдерінің территориясында феодалдық құрылымның қалыптасу тарихын қамти келе, алғашқы буржуазиялық революциялармен аяқтайды. Қазақстан медиевистикасында қалыптасқан дәстүр бойынша орта ғасырлар тарихы Халықтардың Ұлы Қоныс аудару дәуірінен (ІV ғ. соңы) ХVII ғ. ағылшын буржуазиялық революциясына дейінгі ұзақ уақытты қамтиды. Ерте орта ғасырлар тарихы IV ғасырдан ХІ ғасырдың ортасына дейін созылса, дамыған орта ғасырлар ХІ ғасырдың екінші жартысы мен XV ғасыр аралығын қамтиды. Кейінгі орта ғасырлар тарихы XVI ғасырдан XVII ғасырдың бірінші жартысын қамтиды. Еуропаның барлық аймақтарындағы даму үрдісі бір уақытта іске аспағандықтан, кейбір аймақтарға қатысты хронологиялық шектер айқындауды талап етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет