Бағдарламасы (5-11 сынып) Бағдарлама мақсаты


«Проблемаларды қиып тастаймын» жаттығуы



бет28/30
Дата20.06.2023
өлшемі141,62 Kb.
#102514
түріБағдарламасы
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Байланысты:
ерекше назардағы оқушылардың псих ологиялық дәптері

«Проблемаларды қиып тастаймын» жаттығуы
Өзіңізден қарағада ақ парақтың оң жағына өз проблемаларыңызды шатасқан жіп күйінде сурет етіп салыңыз. Кескіннің төменгі жағына «Менің проблемаларым» деп жазыңыз. Немесе оны нақтырақ атауыңызға болады. Кескіннің сол жағына төменірек өзіңіздің суретіңізді (фото болса тіпті жақсы) бейнелеңіз де есіміңізді жазыңыз. Содан соң қайшы алыңыз да шүйке жіп, яғни проблемаңызды қиып тастаңыз. Сіз көрнекті түрде көзіңіз жетті: проблема жойылып кетті. Қайшының жүзі арқылы бір сәтте оны қиып тастадыңыз. Атап айтқанда, туындаған қиын жағдайларды жеңіл шешуге болатындығын дәл осы іс-әрекет миыңызға көмектеседі.
«Өзімді және Сәттілік-ханымды бейнелеймін» жаттығуы
Ақ параққа, сырттай «өзіңіздің ойша экраныңызда» өзіңізді қалай көресіз дәл сол қалпында бейнелеңіз. Ал қасыңызға өте сұлу, ақ көйлекпен Сәттілік-ханымды бейнелеңіз. Содан соң тағы да міндетті түрде күлімдеген кейіпте, Сәттілік-ханымның қолынан ұстап немесе қолының астына өз суретіңізді бейнелеңіз.
Қалай ойлайсыз, сіз қазір не істедіңіз? Дұрыс ойлапсыз-өзіңізге сәттілік шақырдыңыз! Ойыңызға алған жетістікке ешқуатта күмән келтірмеңіз, өзіңізден сенімсіздік пен қорқынышты қашырыңыз!
Көресіз: тез арада сіздің өміріңізге сәттілік пен жетістік міндетті түрде келеді!
6 сабақ. «Ойлар. Сезімдер. Мінез-құлық»
Мақсаты:

  • Эмоциялы өрісін дамыту, қатысушылардың сезімдерін айта алуы және анықтауға дағдылануды үйрету;

  • «Ой, «сезім», «мінез-құлық» түсініктерінің жіктелуі(дифференциациялануы);

  • Топтың ынтымақтастығын көтеру;


«Дос достыққа» сергіту ойыны
Нұсқау: Қазір сіздер өте бір қызық ойынды ойнайсыздар. Ол үшін жасалатын қимылды тез-тез жасау керек. 5 секунттың ішінде өзіңізге серіктес тауып, алыңыз да тез-тез онымен қол алысыңыз. Ал енді бір-бірімізбен «сәлемдесеміз»;
Оң қол оң қолмен!
Мұрын мұрынмен!
«Дос достыққа» деген бұйрықты естігенде жұптарыңызды айырбастайсыздар.

Бүгін біз ой, сезім және мінез-құлық бір-бірімен қалай байланысты екендігін білеміз:



  • Сезім деген не?

  • Олар қалай бізге әсер етеді?

  • «Жеті рет өлшеп, бір рет кес» деген мақалдың мазмұны қандай?

  • Бір нәрсені жасар алдында, біз ойлануға үлгіреміз бе? Қандай мысал келтіре аласыздар?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет