біліктілікті арттыру курстарында зерттеу барысы мен нәтижелері туралы баяндама жасау;
ұйымдарының сайттарында материалдарды жариялау.
36
1. Жүйелі әрі озыңқы басқару (ЖОБ)
ЖОБ мекемедегі педагогтердің ғылыми-зерттеу қызметі тиімділігінің маңызды
құралы болып табылады. Басқару дегеніміз субъектінің адамдармен білім беру
шынайылығын өзгертуге бағытталған реттеуші және ұйымдастырушылық қарым-
қатынасы, білім беру процесінің мақсаттарына және педагогтердің кәсіби жетілуіне
негізделген.
2.
Ұйымдастырылған білім беру ортасы.
Ұйымдастырушылық жағдайлар ретінде мыналарды атап өтуге болады:
әлеуметтік
тапсырысқа сәйкес оқу орнының білім беру бағдарламасының болуы; білім беру процесін
ұйымдастырудағы жекеге сараланған тәсіл; уақыт қажеттіліктеріне сәйкес оқыту
мазмұнын, білім беру қызметінің формалары мен әдістерін өзгерту; материалдық және
ынталандыру базасын құру және т. б.
3
.Ғылыми-әдістемелік және зерттеу шарттары.
Зерттеу шығармашылығы мен бастамасын дамыту, ғылым әдістемесі, дидактика,
әдістеме, педагогика және психология саласындағы жетістіктер туралы жедел ақпарат
беру, жаңа оқыту және ақпараттық технологияларды
таныстыру және игеру,
психологиялық-педагогикалық зерттеулер нәтижелерін апробациялау және практикалық
қызметке енгізу, бағдарламаларды, дидактикалық құралдарды таңдау және ғылыми-
әдістемелік қамтамасыз ету еркіндігі: оқулықтар, әдістемелік құралдар;
енгізілетін
инновацияларды заманауи жүйелі талдау және бағалау, инновациялар мониторингі
жүйесін және зерттеу және ғылыми-әдістемелік қызметтің нәтижелілігін, оқушылардың
даму көрсеткіштерін әзірлеу, зерттеу және ғылыми-әдістемелік құзіреттілікті дамыту
процесін мониторингтеу, педагогтердің педагогикалық және ғылыми-әдістемелік қызмет
тәжірибесін зерттеуде, жалпылауда және таратуда зерттеу тәсілі.
4.
Педагогикалық қызметтің инновацияға және шығармашылыққа бағытталуы.
Бұл педагогтің педагогикалық жаңа енгізілімдерді ойлап шығару,
меңгеру және
пайдалану процесіне қатысу дәрежесімен, болжам күйдегі өзгерістерді дәйекті және
жүйелі түрде бақылау және өз қызметі мен өзін кәсіби маман ретінде дамыту үрдістерін
болжау қабілетімен анықталады. Инновациялық орта "білім беру процесіне
инновацияларды енгізуді қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық, әдістемелік,
психологиялық сипаттағы шаралар кешенімен бекітілген
белгілі бір моральдік және
психологиялық жағдай" деп түсініледі. Шығармашылық инновациялық орта олардың
дамуына мотивтер, жағдайлар мен ынталандырулар жасайды, яғни педагогтерді
жандандыруға және білім беру процесінде жоғары нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған
оңтайлы еңбек белсенділігін қолдауға ықпал етеді және әр пәнге кәсіби шеберлікті
дамытудың
жеке моделін таңдауға, ондағы зерттеу құзіреттілігін дамытудың жеке
бағытын белгілеуге мүмкіндік береді.
5.
Субъект-субъект қатынастарын орнату
Педагогтерді
ғылыми
зерттеулерді,
тұжырымдамаларды,
инновациялық
проблемаларды талқылауға, мониторинг ұйымдастыруға және т.б. ынталандыру,
сондай-ақ, жұмыстың заманауи неғұрлым өнімді нысандары мен әдістерін іздестіру.
Субъект-субъект қатынастары - бұл
проблеманы шешу контекстіндегі субъект ретінде
басқаға деген қарым-қатынас жүйесі.
6.
Достарыңызбен бөлісу: