Пәнді оқытудың мақсаты: - студенттерді тіршілік қауіпсіздік негіздерімен таныстыру.
Пәнді оқытудың міндеттері: - бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайда халықты қорғау әдістерін және зардабын жою мен құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру негізін үйрету;
- өмір сүру ортасындағы адам қауіпсіздігінің теориялық негіздері білімдерін қалыптастыру;
- тіршілік қауіпсіздігінің құқықтық және нормативтік техникалық негіздерін үйрету;
- студенттерді жарақат алу, зақымдану, қатты ауру, өте қауіпті жұқпалы аурулар олардың айыру белгілері мен медициналық көмек көрсете білуге оқыту;
- зақымдану ошақтарын сипаттауды үйрету;
- қазіргі зақымдағыш құралдар мен төтенше жағдайлардың зардабын халықты қорғайтын әдістеріне сипаттама беру;
- техникалық жүйелерде және шаруашылық жүргізу нысандарының тұрақтылығын есепке ала отырып, қазіргі талаптарға сәйкес жаңа техника мен технологиялық процестердің қауіпсіз жағдайларын жобалау;
- табиғи апаттардың, зілзалалардың мүмкін болатын апат салдарынан халықты және шаруашылық нысандарының өндіріс қызметшілерін, ал сондай-ақ олардың салдарын жою барысындағы қорғаныс бойынша төтенше жағдайларды болжау және сауатты шешімдер қабылдау.
Алдыңғы деректемелер: - Орта мектеп бағдарламасы «Биология», «Физика», «Химия»
Соңғы деректемелер: - Жаратылыстанудың экологиялық аспектілері
Пәнді оқу барысында студенттер бакалаврдың біліктілік моделіне сәйкес төмендегідей біліктіліктерді меңгеруі керек:
Білу:
Қазақстан Республикасының негізгі зандарын және тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құжаттарды;
адам мекендейтін ортаның қауіптіліктерін, шаруашылық жүргізуші объектілердің төтенше жағдайларда (ТЖ) жұмыс істеу тұрақтылығын арттыру тәсілдерін;
адам мекендейтін ортаның қауіптіліктерін, шаруашылық жүргізуші объектілердің
төтенше жағдайларда (ТЖ) олардың салдарын жою бойынша шараларды білуі тиіс;
Істей алу:
әртүрлі көздерден алынған арнайы ақпараттарға негізделе отырып, қауіпті жағдайларды алдын ала болжай білу;
табиғат, техногенді және әлеуметтік сипаттағы құбылыстарға сараптама жасауды;
Дағдыны меңгеру:
тіршілік әрекетінің кауіпсіздігін жоғарылату бойынша шараларды әзірлеу шеберлігі болуы тиіс;