Бағдарламасы 6В10108 «Стоматология»


Пән атауы Барлық сағат



бет3/19
Дата02.12.2023
өлшемі0,62 Mb.
#131666
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Пән атауы

Барлық сағат

Аудиториялық
сабақтар

ОБӨЖ

БӨЖ

Қорытынды бақылау түрі

Дәріс

Практика

1

Патологиялық физиология

150

10

40

25

75

1-тестілеу
2 кезең –тәжірибелік дағдысын бағалау




Барлық сағат:

150

10

40

25

75



5. Пәннің мақсаты: студенттердің типтік патологиялық процестер мен жеке аурулардың, оның ішінде жақ-бет аймағында аурулардың пайда болуының, дамуының және салдарының жалпы заңдылықтары мен нақты механизмдері туралы білімдерді игеруі.


6. Оқытудың соңғы нәтижелері
А. Білу және түсіну (НҚ1, НҚ2, КҚ7, КҚ10):

      • Пәнді, зерттеу обьектісін, профилактикалық және клиникалық медицина үшін патологияның мәні және оның басқа медициналық-биологиялық және медициналық пәндермен байланысын біледі.

      • Жалпы нозологияның негізгі ұғымдары мен категорияларын ажыратады.

      • Типтік патологиялық процестердің, аурулардың пайда болу, даму және аяқталу (шығу) механизмдерінде организмнің реактивтілігі мен резистенттілігінің, себептерінің рөлін біледі.

      • Ауыз қуысындағы типтік патологиялық процестердің этиологиясы және патогенезінің ерекшеліктерін біледі.

      • Тіс-жақ аппараты мен ауыз қуысы патологиясының басқа органдар мен жүйелердің бұзылуының қалыптасуына әсерін біледі.

      • Аурулардың даму динамикасындағы негізгі функционалдық өзгерістерді біледі.

      • Кез келген жастағы науқастардың жеке ағзалары мен жүйелерінің қызмет ету заңдылықтарын талдай алады.

      • Аурулардың дамуындағы әлеуметтік және биологиялық факторлардың рөлін талдай алады, аурулардың даму патогенезін және олардың стоматологиялық аурулардың дамуына әсерін түсінеді, әртүрлі соматикалық және инфекциялық аурулар мен патологиялық процестер кезінде жақ-бет аппаратының функционалдық өзгерістеріне баға бере алады.

•Әлеуметтік маңызы бар мәселелер мен процестерді талдай алады.
В. Білімдерін және түсініктерін қолдана білу (НҚ1, НҚ 2, НҚ7):

      • Жалпы патофизиологияда алған білімдерін дәрігер---стоматологтың кәсіптік практикасында қолдану.

      • Жалпы патофизиологияда алған білімдерін басқа пәндерді оқып білу барысында қолдану.

      • Жақ-бет аймағында патологиялық процестер мен аурулардың пайда болуында, дамуы мен аяқталуында организмнің реактивтілігінің рөлін бағалайды.

      • Типтік патологиялық процестер мен аурулардың патогенезінде, оның ішінде жақ-бет аймағында зақымдану және қорғау механизмдерін ажыратады.

      • Тіс-жақ аймағының аурулары мен жалпы соматикалық аурулар арасындағы өзара байланысты анықтайды.

      • Эксперименттік жұмыстар мен оқыту тапсырмалары бойынша хаттамалар құрастыру және қорытынды жасау.

      • Клиникалық-зертханалық зерттеулердің нәтижелерін түсіндіреді.

      • Медицинаның өзекті мәселелерін талдай білу, медицинадағы заманауи теориялық концепциялар мен бағыттарды, оның ішінде стоматологиялық сыни бағалай білу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет