Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы
Орал қаласының білім беру бөлімі
Асан Тайманов атындағы №34 мектеп - гимназиясы
«Алгебра» курс бағдарламасы
(7-сыныпқа арналған)
Орал қаласы, 2021 жыл
Облыстық эксперттің шешім бойынша облысқа таратылды.Хаттама №1. 26.02.2021ж
Құрастырушылар:
А.С. Кубаева, Г.С.Исмагулова -А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясының математика пәнінің мұғалімдері
Рецензент:
С. М. Маутеева - М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті физика-
математика факультетінің математика кафедрасы меңгерушісі,
жаратылыстану ғылымының магистрі
Математика пәнінен 7 сынып оқушыларына арнап құрастырылған қосымша сабақ бағдарламасы оқушылардың математикалық қабілеттерін дамытуға бағытталған.Бұл бағдарлама математиканың негізгі курсын толықтырады. Пән мұғалімдеріне, жас мамандарға, оқушыларға көмекші құрал ретінде пайдалануға ұсынылады.
Мазмұны
Түсінік хат.................................................................................................4-5
Бағдарламаның мазмұны.........................................................................6-7
Тақырыптық-күнтізбелік жоспары.........................................................8-10
Сабақ жоспарлары...................................................................................11-51
Олимпиада есептері.................................................................................52-53
Тест тапсырмалары……………………….............................................54-60
Қосымша есептер………........................................................................61-65
Пайдаланылған әдебиеттер…………………………………………….66
Түсінік хат
«Алгебра» курс бағдарламасы 7 сыныпқа арналған математикадан стандартты курстың толықтырылуы болып саналады.«Алгебра» курс бағдарламасы 68 сағатқа есептелінген.Ұсынылған курс 7 сыныптың бағдарламалық материалдарына сәйкес және оны тереңдетілген деңгейде кеңейтуге бағытталған.
Курстыңмақсаты: тақырыптар бойынша білімді жетілдіріп, есеп шығарудың әдіс-тәсілдерін кеңейту негізінде оқушылардың математиклық материалдарын меңгеруде жағдай туғызу, пәнге тұрақты қызығушылығын тудыру, оқушылардың ой-өрісін кеңейту, өз бетінше ойлау жүйесін жетілдіру, функционалды ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушыларды көпмүшелерді көбейтінділерге жіктеудің әдіс-тәсілдерін меңгеру дағдысын қалыптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |