Сөж тақырыбы: срс ,9 Практикалық сабақ 8,9 Орындаған:Әсіл Марал Тексерген: Каримова Р. Е практикалық сабақ Іскерлік ойындардың маңызы



бет1/4
Дата03.02.2023
өлшемі219,4 Kb.
#64939
түріСабақ
  1   2   3   4

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Педагогика және психология институты
Мектепке дейінгі оқыту және әлеуметтік педагогика кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: СРС 8,9
Практикалық сабақ 8,9

Орындаған:Әсіл Марал
Тексерген:Каримова Р.Е

Практикалық сабақ 8 
Іскерлік ойындардың маңызы
Құзыреттілік ең алдымен балаларлың ақпаратты сауаттылығы мен кез - келген мәселені дұрыс шеше білу қасиетінен көрініс табады. Бала қоғам талабына сай өзін - өзі үздіксіз жетілдіріп отыратын, білімді, жаңа технологияларды меңгерген, ортамен қарым - қатынасқа тез бейімделе алатын, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, тәжірибесі мол, т. б. қасиеттерді жинақтағанда ғана кәсіби құзыретті бола алады.
Ғалымдардың еңбектерінде балалардың құзыреттілігін анықтау кезінде компонентерін, өлшемдері мен көрсеткіштерін анықтаған.
Мақсат - міндеттеріне қарай өлшемдер когнитивтік, эмоционалдық - құндылықты, іс - әрекеттік деп ажыратылады.
Когнитивтік өлшем қажетті ақпаратты таңдау және бағалауын, проблемалық жағдаяттарды шешуін, әдебиеттерге талдау жасауын көрсетеді.
Эмоционалдық - құндылықты өлшем білімге деген қызығушылығынан және белсенділігінен, топты қарым - қатынастық құндылық ретінде тануынан көрініс табады.
Іс - әрекеттік өлшем ұжымдық өзара қарым - қатынасқа түсуді, өзара міндеттер бөлісуді, іс - әрекет нормаларын бірлесе меңгеруді, топтық пікірталастарда белсене араласуды қажет етеді.
Анықталған өлшемдер негізінде балалардың құзыреттілігінің қалыптасу деңгейлері анықталды.
Жоғары деңгейде бала өз ойын еркін түрде баяндайды, мәселені толық ашып көрсете алады. Қосымша құралдарды (вербальды және вербальды емес құралдарды) сауатты пайдаланады, мәселені шешуде шынайы қызығушылық танытады, білуге қызығушылығы басым, топтық қарым - қатынасты орнатуға бейім; диалог, пікірталаста ақпараттың талап етілетін мазмұнын шығармашылықпен қабылдайды, диалогқа, талқылауға белсенді араласады, топтық жұмысты орындау барысында міндеттерді белгілейді.
Орта деңгейде бала өз ойын тәрбиеші жетекшілігімен ғана түсіндіре алады, мәселені баяндайды, қосымша құралдарды толық пайдалана білмейді; мәселенің шешімін тәрбиешінің талап қоюымен іздейді, шешімін өз бетімен табуға сенімсіз, қатесін табады, бірақ оны түзете алмайды, қарым - қатынас орнатуда білімді мақсат тұтпайды, диалогты ұйымдастыруда енжар, диалог аясында әріптесінің пікірін тыңдайды, топта топтық жұмысты орындау барысында міндеттерді бөліседі.
Төмен деңгейде бала қарапайым үлгідегі тапсырмаларды орындайды, мағыналық құрылымда бағдар жасай алмайды, ойы шашыраңқы, мәселені шешуге қызықпайды, топта енжар, оқу материалының тек кейбір бөліктерін қабылдайды, топтық жұмысты ұйымдастыра алмайды, топта негізінен орындаушы қызметін атқарады, топтық пікірталастарда белсенділік танытпайды.
Сонымен қатар жаңа технология жүйесінде проблемалық іскерлік ойын арқылы оқытудың маңызы зор. Балалар әр түрлі проблемаларды талдайды. Оны шешудің жолдарын іздестіреді. Мұндай ұйымдастырылған оқу қызметі балалардың логикалық ойлау қабілетін дамытады, пәнге дегент қызығушылығын арттырады, өмірде кездесетін түрлі қиындықтарды жеңуге тәрбиелейді.
Іскерлік ойын ұйымдастырылған оқу қызметін өткізу технологиясы
3 кезеңнен тұрады.
І кезең – дайындық (рольдерді бөліп беру, балаларды топтарға бөлу, проблемаларын алдын ала таныстыру, қажетті материалдарын жинау).
ІІ кезең – ойын кезеңі (балалар жасаған хабарламаларды тыңдау, пікірталас жасау, қабылданатын шешімді талқылау және оны бақылау, талқыланған шешімді қабылдау).
ІІІ кезең – қорытындылау ( проблеманы шешуді тиімді жолдарын іздестіру.
Іскерлік ойындарының дидактикалық, тәрбиелік өркендетушілік (әлеуметтендірушілік) маңызы зор.
Баланың ойлау қабілетін арттыру, сол қабілетін белсенді ету – басты мақсат. Әсіресе, баланың білімге деген қызығушылығын арттыратын жүйелі іс - әрекеттер ұйымдастыруға бағдар жаса тиімді. Ол жүйе мына төмендегідей:
1. Шығармашылықпен жұмыс істеуге арналған тапсырмалар.
2. Әр түрлі анықтамалармен жұмыс істеуге арналған тапсырмалар.
3. Ғылыми әдебиеттерді оқуға баулу.
4. Жарыстар, сайыстар әр түрлі танымдық ойындар ұйымдастыру.
5. Интернет, телеарна мен мерзімді баспасөздерде берілген соңғы жаңалықтармен таныстырып отыру.
Осы әдістерді сабақта қолдана отырып оқушының ойлау тәсілдерінен бақылауға болады. Берілген материалдан бала ең маңыздысын, ең бастысын бөліп алады, басқа нәрселермен салыстырады, оны жүйелеп, қорытындылайды, нақтылайды, анықтайды және ұғымға түсінік береді, оны дәлелдейді немесе жоққа шығарады, модельдейді. Жаңағы тәсілдерді қолданған баланың сөзінен, тұжырымынан байқауға болады.
Ұстаздық тәжірибе оқытудың пәрменді әдіс - тәсілдерін қолданудан ұйымдастырылған оқу қызметінің , топ сағатының тиімділігі арта түсетініне көз жеткізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет