Кері байланыс. Оқушыларға сұрақтар қою.
1.Көпмүшені көбейткіштерге жіктеудің неше тәсілі бар?
Жауабы: Екі тәсілі бар, ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару, топтау тәсілдері бар.
2. Ортақ көбейткішті жақшаның сыртына шығару арқылы көпмүшенің көбейткіштерге жіктеудің дұрыс болатынын қалай тексереміз?
Жауабы: Жақшаның ішіндегі көпмүшені ортақ көбейткішке көбейту керек.
3. Топтау тәсілімен көпмүшені көбейткіштерге жіктеу алгоритмін айтып беріңдер.
Жауабы: a) Көпмүшенің мүшелерін ортақ
көбейткіштері бірмүше немесе көпмүше түрінде болатын топтарға біріктіру;
ә) Ортақ көбейткішті жақша алдына шығару тәсілін екі немесе одан да көп рет қолдану.
4. Қосымша мүшені не үшін енгізеді?
Жауабы: Қосымша мүшені топтау тәсілін қолдану үшін енгізеді.
5. Сонымен бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай?
Жауабы: Топтау тәсілімен көпмүшені көбейткіштерге жіктеу.
Бағалау кезеңі.
Рефлексия Оқушылар стикерлерге өз есімдерін жазып, тақтада салынған баспалдақтардың біреуіне жабыстырады. Баспалдақтар «Керемет!», «Өзіме сенімдімін!», «Жақсы!», «Жаман емес!», «Маған көмек керек!» деп аталады.
Бағалау парақтары
Мұғалім лебізі: Барлығыныңызға сабақты жақсы меңгеруге ат салысып, өз нәтижелеріңізді көрсеткендеріңіз үшін рахмет!!!
..., Сіздер тапсырманы өте жақсы орындап, менің сенімімнен шықтыңыздар.
..., Сіздер де тапсырманы жақсы орындағансыздар. Өз білімдеріңізді жетілдіре түсіңіздер.
..., Сіздерге өз нәтижелеріңізді әділ көрсеткендеріңіз үшін ризамын. Мүмкіндікті жіберіп алмай көмек алыңыздар менен немесе достарыңыздан.
Бірмүшелер және оларға амалдар қолдану. Бірмүшенің дәрежесі және стандарт түрі.
Осы сабақта қолжеткізетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
Бірмүше анықтамасын білу, оның коэффициенті мен дәрежесін табу;
бірмүшені стандарт түрде жазу;
бірмүшелерді көбейтуді орындау және бірмүшені көбейткіштердің көбейтіндісі түрінде көрсету;
Сабақтың мақсаты
Оқушылардың бәрі: Бірмүшенің анықтамасын біледі, оның коэффициенті мен дәрежесін таба алады
Оқушылардың көпшілігі: Бірмүшені стандарт түрінде келтіре алады, есеп шығаруда бірмүшенің стандарт түрін анықтай алады;
Кейбір оқушылар: Қиындығы жоғары есептерде дәреженің қасиеттерін, рационал-бөлшектердің қасиеттерін қолдана отырып өрнектерді ықшамдап бірмүшенің стандарт түріне келтіреді
Бағалау критерийі
-бірмүшенің не екенін түсінеді
-бірмүшенің коэффиценті мен дәрежесін табады
-бірмүшені стандарт түріге келтіре алады
-бірмүшені дәрежеге шығара алады
-бірмүшені бірмүшеге көбейте алады
-бірмүшені бірмүшеге біледі?