Абсолтті сілтеме – Формуласы бар ұяшықтардың орнын ауыстыру кезінде аргументтер ұяшығының координаталары өзгермейді.
Формулада қолданылатын салыстырмалы сілтемелер формулаларды ұяшықтан ұяшыққа көшіргенде бірден өзгереді.
аралас сілтеме – мұнда «$» белгiсi қажеттi орында ғана жазылады, мысалы $C15 - бағананың мәнiн тұрақты немесе C$15 – қатарды тұрақты қалдырып,бағананы өзгерту мүмкiндiгi бар. Ұяшықтағы сілтемені F4 пернесін баса отырып өзгертуге болады.
Информатикалық диктант №6 1) absolute link абсолютті сілтеме – формуланы көшiру барысында белгiлi бiр ұяшыққа немесе аймаққа сiлтеме жасау қажет болса абсолюттi сілтеменi қолданамыз. Абсолюттi сiлтеме «$» белгiсiнiң көмегiмен жазылады. Мысалы, $C$15 түрiнде сiлтеме жазылса, формуланы қай орынға орналастырсақ та, сол формулада тек C15 ұяшығындағы мән пайдаланылады;
2) relative link салыстырмалы сілтеме – Excel кестесi ұяшықтың адресiн ағымдағы ұяшық адресiне салыстырмалы түрде сақтайды. Мысалы: D4 ұяшығына =D1+D2формуласын енгiзейік. Осы формуланы С4 ұяшығына көшiрсек, мұнда =С1+С2 формуласы автоматты түрде енгiзiледi;
3) mixed link аралас сілтеме – мұнда «$» белгiсi қажеттi орында ғана жазылады, мысалы $C15 - бағананың мәнiн тұрақты немесе C$15 – қатарды тұрақты қалдырып,бағананы өзгерту мүмкiндiгi бар. Ұяшықтағы сілтемені F4 пернесін баса отырып өзгертуге болады.
4) MS Excel formulas MS Excel формулалары есептеулер жүргізуге және берілгендерге анализ жасау үшін керек. Кез-келген формулаға мынандай негізгі сипаттамалар тән:
- ең бірінші сивол ретінде міндетті түрде «=» белгісін жазу керек;
- формуламен есептелген нәтиже сол формула жазылған ұяшықта шығады;
- формулалар жолында белсенді ұяшыққа жазылған формула көрсетіледі;
-формулада жасалған сілтемелердегі мәндер өзгерген жағдайда формула нәтижесі де автоматты түрде өзгереді.