Бағдарламасы (8 сынып, 34 сағат) 2017 2018 жыл Құрастырған: А. Р. Искакбекова информатика пәнінің мұғалімі Теміртау қаласы



бет1/7
Дата18.11.2023
өлшемі72,18 Kb.
#124770
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
sabaq-kz attachment aparatty-modeldeu.-web-dizayn-oldanbaly-kursyny-badarlamasy-8-synyp-34-saat


Теміртау қаласы әкімдігінің
«Теміртау қаласының №15 қазақ мектеп- гимназиясы» КММ

ҚАРАСТЫРЫЛДЫ КЕЛІСІЛДІ БЕКІТЕМІН


Әдістемелік бірлестік директордың ҒӘЖ «№15 ҚМГ» КММ
отырысы бойынша орынбасары директоры
Хаттама № _______ __________К. Бопан _________ Б.К.Нашкенов
« ___ » _______ 2017 жыл « ___ » ________ 2017 жыл « ___ » ________ 2017 жыл
Әдістемелік бірлестік жетекшісі
____________Ж.Ш. Досмуратова


«Ақпараттық моделдеу. WEB дизайн»
қолданбалы курсының


БАҒДАРЛАМАСЫ
(8 сынып, 34 сағат)
2017 – 2018 жыл
Құрастырған: А.Р.Искакбекова
информатика пәнінің мұғалімі
Теміртау қаласы


Түсінік хат 
«Қазақстан Республикасында білімді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға мемлекеттік бағдарламасының» басты мақсаттарының бірі жалпы орта білім берудің мазмұнын жаңарту болып табылады [1]. Бұл оқытудың құзыреттілікке бағдарланған оқыту моделіне біртіндеп өтуге жағдай жасайтын білім беру жүйесін дамыту бағдарламасын әзірлеуді және жүзеге асыруды талап етеді. Мұндай бағдарламалардың бірі - «Үш тілде білім беруді дамытудың 2015-2020 жылдарға арналған жол картасы». 
Көптілді білім – көп мәдениетті тұлғаны қалыптастырудың өзегі. Бүгінгі таңда көп тілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін қажеттілік. Үш тілде оқыту – заман талабы десек, оның негізгі мақсаты: бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік және кәсіптік бағдарға қабілетті, мәдениетті тұлғаны дамыту және қалыптастыру.Бұл құрастырылған бағдарламаның мақсаты: ұлттық рухы қазақ тілінде орныққан тұлғаға бірнеше тілді меңгерте отырып, таным әрекетін белсендіріп, шығармашылық қабілетін дамыту, рухани құндылықтарды әлемдік деңгейге шығару болып табылады. 
Тақырыптық жоспарлауда мамандыққа баулудың бағыттарының бірі ретінде модельдеу қағидалары қарастырылған. Модель – жасанды құрылған объект. Ол схема, сызба, логикалық-математикалық таңбалы формулалар, физикалық құрылымдар түрінде беріледі.Модель құру процесі модельдеу деп аталады. Модельдеу қағидаларына зерттелетін объектінің қасиетін, өзара байланысын және қатынастарын аналогты түрде сипатталуын жатқызуға болады.
Қазіргі кезде неғұрлым кең таралған қарапайым модельдерге: графикалық модель – объектіні сурет, кескін, схема түрінде бейнелеу; сөздік модель – объектіні сөзбен, ауызша сипаттау; математикалық модель – объектінің заңдылықтарын, әсерін, қасиетін математикалық заңдылықтар бойынша бейнелеу; информациялық модель – ауызша, сөзбен берілген мәліметті формальді тілде бейнелеу; көрнекі модель – зерттелетін объектіні схемелар, диаграммалар, графиктер түрінде сипаттау мәселелері қарастырылады.
Бағдарламаның орындалысы барысында өзіндік сыни көзқарасы қалыптасқан, шығармашылық қабілеті жоғары, заман талабының сұранысына сай бәсекеге қабілетті тұлға бейімделетін нәтижеге жетуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет