Графикалық программалар ішінен Adobe Photoshop программасы – графикалық және мультимедиялық программаларды өңдеуде 17 тілде танылған және 215 халықаралық жетістікке жеткен
70 мемлекетте қолданылатын программа.
Бүгінгі таңда бұл бағдарлама суретшілердің, фотографтардың және дизайнерлердің қолданысына ие. Бағдарламаның алғашқы түпнұсқасын ағайынды Томас және Джон Нолл жасаса, қазіргі уақытта өңдеушілердің саны 41 болып тұр
Adobe Photoshope бағдарламасының тиімділігі
Adobe Photoshope бағдарламасының қолданыста болғанына 22 жыл ғана болса да, қазіргі қоғамның дамуына үлкен үлес қосып келе жатқан арнайы графикалық программа.
Маркетингтік ақпарат – нарық билеген елде экономиканы ілгері жылжытудың басты тетігі, көзі. Яғни, маркетинг – ағылшын тілінен аударғанда нарықты жасау деген мағынаны білдіреді. Маркетинг бүгін өзінің даму барысында ғылымға, бизнестің өзегіне айналды. Жарнамалық шараларды жүргізу де – осы маркетингтік қызмет болып табылады. «Жарнама – сауда двигателі», деп бекер айтпайды.
Adobe Photoshop бағдарламасы эстетикалық медицинада үлкен сұранысқа ие. Бүгінгі таңда эстетикалық медициналық клиникалар өз жұмыстарында әр түрлi графикалық редакторлар мүмкiндiктеріне жүгінуде. Мәскеу клиникаларындағы мәліметтерге сүйенсек, Adobe Photoshop бағдарламасы адамның бастапқы морфингісін жасау үшін қолданылатын өте әйгiлi программалық орта.
Пластикалық операция жасатуға тәуекел еткен адамды алдымен фотоға түсіріп, суретті компьютерде сақтап алады. Adobe Photoshop бағдарламасы арқылы операция жасалатын жерлерге өңдеу жұмыстарын жасайды да «дейін» және «кейінгі» нәтижені экраннан көрсетеді. Өңделген сурет емделушінің операциядан кейінгі нәтижесін көрсетеді.
Осылайша, Adobe Photoshop бағдарламасы дәрiгерлер үшiн - операцияның сәтті шығуына мүмкіндік береді.
Photoshop бағдарламасы – адамның сыртқы келбетін әдемі етіп өзгертуге мүмкіндік беретін программа. (салыстыру фотолары СЛАЙД)
Компьютерлік технологияны қолданып жүрген ғалымдардың айтуынша операция алдындағы компьютерлік модельдеу емделуші мен медицина қызметкерінің арасындағы сенімділікті нығайтып, жоғары нәтижеге жетуіне себеп болады екен.
Алдағы уақытта отандық медицина қызметкерлері де Adobe Photoshop бағдарламасының ерекше мүмкіндіктерін қолданып, тереңірек пайдаланса деймін.