Бағалауды жүргізетін және бағалауға ат салысатын ұйымдар. PISA-2012 халықаралық жобасын іргелі халықаралық ғылыми ұйымдармен бірлесе отырып Консорциум және ЭЫДҰ жүзеге асырады. Консорциумға сонымен қатар педагогикалық зерттеудің Австриялық Кеңесі (ACER), білім беру саласындағы зерттеулердің Жапония ұлттық институты (NIER) және Американдық ұйым (WESTAT) кіреді.
Қатысушылар.Бағалауға қатысатын баланың жасы 15 жас 3 айдан – 16 жас 2 ай аралығында болуы шарт етіледі. Нешінші сынып оқығаны маңызды емес. Сондай-ақ оқушылар өз үйінде емес, міндетті түрде академиялық білім беру орталығында (мектепте) оқитын болуы шарт. Әрине, әр елдің халық саны түрліше болғандықтан, бағалау қорытындысына белгілі бір қосымша факторлар әсер ететіні белгілі.
Өлшеу. Әр оқушыға 2 сағаттық жазбаша тапсырма орындатады. Сұрақтардың бір бөлігі таңдау сұрақтары, енді бір бөлігі толық жауап беру сұрақтары болады. Бүкіл тест мазмұнына 6 жарым сағат уақыт кетеді деп жоспарланған. Әрине, оқушыдан барлық сұраққа түгел жауап беру талап етілмейді. оқушылар қабілет тестінен өткен соң бір сағат шамасында жеке басын негіз еткен өздік сұрақтарға жауап береді, бүл көбінесе үйрену әдеті, ниеті мен жігері, отбасы жағдайы дегендей мазмұндарды қамтиды. Мектеп тарапы да бірбөлім сұрақтарға жауап береуі керек. Олар баланың түрлі нәтижелерін, қаржы көзі секілділерді айқындап беруі керек.
Өткізілуі. 2009 жылы 65 мемлекет пен районның 15 жастағы 470 мың оқушы бағалауға қатысты және 2010 жылы 50 мың оқушы бағалауға қатысты. [7] Ал, KeyQuest статистикалық базасы халықаралық мәліметтер бойынша 2012 жылдары ЭЫДҰ-ға мүше 34 елде және 31 серіктес елде 15 жастағы білімгер саны жалпы 28 миллион екенін анықтаған. Осылар ішінен PISA-2012 халықаралық бағалауына 15 жастағы 510 мың оқушы қатысты.
Оқу сауаттылығы – адамның ақпараттың мазмұнын бағалау, түсіну және интерпритациялау қабілеті болып табылады. Оқушының бұл басты төрт оқырмандық құзыреттілігі оның коммуникативтік дағдыларын анықтайды. PISA тесттері оқу сауаттылығын бағалаудың екі негізгі параметрін қарасырады.
Бірінші. Мәтін (көркем әдебиет, ғылыми мәтіндер, кестелер, графиктер, диаграммалар мен ақпараттық материалдар). Олар форматтары бойынша ерекшеленді, мысалы, тұтас, дискретті, аралас және құрама мәтіндер болып бөлінеді. Тұтас мәтінде ақпаратты табу әрекеттері қаріп түрі мен өлшемдері тәрізді ерекшеліктермен оңайлатылған. Дискретті мәтіндер оқу дағдыларының кейбір әрекеттерін талап етеді. Олардың мазмұнында диаграмма, кесте, график және хабарландыру түріндегі материалдарды қамтиды. Аралас – тұтас және дискретті мәтіндердің түрлерін біріктіреді. Журналдар мен веб-беттердегі материалдардың көпшілігі аралас мәтін түрлеріне жатады. Құрама мәтін - әрқайсысы бір-біріне тәуелсіз және бірнеше мәтіннен құрастырылған, негізгі ойы аяқталған мазмұндағы форматта беріледі.
Екінші. Ахуалдар (жеке, қоғамдық, оқу мақсаты және іскерлік). Жеке өмірлік ахуалдарға берілген мәтіндер мазмұны хат, беллетристика, өмірбаян және ақпараттық хаттар түрін құрайды. Электрондық форматтағы мәтіндер хабарлама, күнделікті жаңалық блоктарын қамтиды. Қоғамдық мақсаттар үшін оқу - ресми құжаттар, газет жаңалықтары, Интернеттегі форумдар жатады. Оқу ахуалы мәтіндеріне классикалық мысал ретінде оқулықтар және электронды интерактивтік оқу бағдарламалары кіреді. Іскерлік ахуалдар мәтіні – газеттің немесе Интернеттің сәйкес беттерінен қажетті ақпаратты іздеуі, хабарландыруды, нұсқаулықтарды және т.б. қарауы болып табылады.
Тестілеуге қатысушылар тапсырмаларды орындау барысында мәтіннің негізгі ойын анықтап, оны жалпы мәтін контекстінен бөліп алып, өз қөзқарасын дәлелдермен негіздеу қабілеттерін көрсете білуі қажет.
PISA тапсырмаларының ерекшелігі - ол шындыққа жақындатылып құрастырылуы болып табылады. Әрбір жағдаят - өмірден алынған мысал. Тест тапсырмаларының құрылымы оқушылардың оқу ептіліктері мен оларға сәйкес әрекеттерін анықтауға негізделген.
PISA-2018 кезеңіндегі тест тапсырмаларының шеңбері білім алушылардың оқу сауаттылығы жетістіктерін бағалаудың келесі түрлерін қарастырады. Олар: мәтінге көз жүгірте қарап негізгі ойды анықтау; мазмұнын түсінуі; қажетті мәліметтерді табу және таңдай білуі; синтез және талдау дағдысы; мәселені шешу және айқындауы; ақпараттың нақтылығын анықтау мен сапасын бағалай білуі.
Қорытындылай келе, тестілеуге қатысушы өзінің әртүрлі форматта берілген мәтіндермен жұмыс істей алу ептілігін, ақпаратты біріктіру мен ұғына білу дағдысын және сыни ойлау құзыреттерін көрсете білуі қажет.