Бағдарламасы (Алматы, 2011) негізінде құрастырылған


Өзін-өзі тексеретін сұрақтар



Pdf көрінісі
бет42/114
Дата28.11.2023
өлшемі1,03 Mb.
#130819
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   114
Байланысты:
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРТАҒАСЫРЛАР ТАРИХЫ

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: 
1. ХІҮ ғасырда Қазақстан аумағында қандай мемлекеттер өмір сүрды? 
2. Шығыс Дешті Қыпшақтағы саяси жағдайлар туралы не түсіндіңіз? 
Əдебиет: 
Қазақстан тарихы. IІ-шi том. Алматы, 1996. 100-108 бб 
Аманжолов К. Қазақстан тарихы /дəрiс курсы-I/, бб. 
 
№7 дəрiс 
Тақырып: Ақ Орда мемлекеті (ХІҮ ғасыр -1428 ж) 
Қарастырылатын сұрақтар: 
1. Ақ Орда Алтын Орданың ыдырауы кезеңінде 
2. Ақ Орданың өрлеуі
 
3. Ақ Орданың даңқты хандары
 
4. Ақ Орда мемлекетінің құлдырауы
Дəрістің мақсаты: 
ХІІІ-ХҮ ғасырдығы басындағы өмір сүрген Ақ Орда 
мемлекетінің құрылу тарихы, ішкі жəне сыртқы, экономикалық жағдайы 
туралы мағлұматтар беру.
Дəрістің мазмұны: 
1. ХІҮ ғасырда Орда –Ежен тегінен шыққан 
əміршілердің билігі Шайбани
ұлысына тарады. ХІҮ ғасырдың аяғынан бастап Ақ ОРда хандарының 
иеліктері деректерде Өзбек ұлысы деп атала бастады. Ақ Орданың Алтын 
Ордадан оқшаулануы ХІҮ ғасырдың ІІ ширегінде, Ерзен мен Мəбəрак-қожа 
кезінде болған делінеді. Ол ХІҮ ғасырдың 60-70 жылдарында билік еткен 


Орыс хан кезінде едəуір нығайған. Сол кезеңде Темірге қарсы Ақ орданың 
тəуелсіздігі жолындағы күрестің негізгі ауыртпалығы соған түскен еді. 
ХІҮ ғ.аяғы-ХҮ ғ. басындаға сыртқы саяси ауыр жағдайлар мемлекеттің 
ішкі қарқыстар кезінде Ақ орда едəуір əлсіреп кетті. 20 жылдарда Орыс 
ханың немересі Барақ хан өз əулетінің билігін бірсыпыра уақыт қалпына 
келтіреді. 20 жылдардың аяғында Шығыс-Дешті Қыпшақтың үлкен бөлігі 
билігі Шайбани ұрпақтары Қазақстанның оңтүстік аудандарыныда өз 
биліктерін сақтап қалды.
Моңғол зардаптары біртіндеп жойыла бастады. ХІҮ ғ. Қазақстаның 
оңтүстігі мен оңт-шығыс қала мəдениеті, геншілік, қолөнер өндірісі жандана 
түсті. Бірақ саяси күрес жалғаса берді. Алтын Орда да үсті-үстіне халық 
көтерілістері өрістеді. Мұны пайдаланған Жошы мен Шағатай ұстыстарында 
түрік билеушілері Шығыс Дешті Қыпшақ пен Жетісуда өздерінің саяси 
билігін орнату жолында күрес жүргізді. Соның нəтижесінде ХІҮ ғасырда 
солт-шығыс орталық жəне оңт Қазақстан аумағында Ақ Орда Алтын ордадан 
біржола бөлініп шығады, онымен қатар оңт-шығыс Қазақстан мен 
Қырғызстан аумағында Моғолстан п.б. Ал ХІҮ ғ. Басында Алтан Орда 
иелігіне Еділ бойындағы дала, Еділдің батыс жағындағы жерлер, Қырым, 
солтүстік Кавказ бен Солт Хорезм кірді.
2. Ақ Орда ұлы моңғол империясынан кейінгі Қазақстан аумағындағы 
жерілікті этникалық негізде құрылған тұңғыш ірі мемлекеттік құрылым. 
Мұсылман хронологиялық шежіресі бойынша Ақ Орда хандары 
мынадай реттілікпен беріледі: Орда –Ежен, Сартақ, Қоныша, Байан, Сасы-
Бұға, Ерзен, Мəбарак, Шымтай, Ұрыс хан, Қойыршақ жəне соңғы ханы 
Барақ. 
Олардың көбі (яғни Орда Ежен ұрпақтары) Сыр өңірі қалалары мен 
Жетісу жайылымдары үшін Шағатай ұрпақтарымен күрес жүргізеді. 
Сонымен 
бірге 
далалық 
аудандардың 
көшпелілері 
мен 
жартылай 
көшпелілерінің жəне сыр өңірі жазирасының отырықшы аудандарының 
халқы арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды қалпына келтіру 
күшейген. Ақ Орда билеушілерінің орталығы ретінді Сығанақ қаласының 
алынуы тегін емес еді. Ақ Орданың хандары 1) Ертістен Сырдарияға, 
Алтайдан Ұлытау мен Аралға дейінгі далада экстенсивті мал шаруашылығын 
сақтап, ұстана отырып,жəне дəстүр бойынша жазғы жəне қысқы 
жайылымдарға көшіп-қонудың қалыптасқан тəртібін орнықтырып, 
2) Сырдың орта ағысының, Таластың, Шудың отырықшы-егіншілік өңірлері 
мен Ұлытау даласының шаруашылық жəне мəдени өмірін қалпына
келтірудің бағытында бірқатар істер жүргізді. 
Му,ин ад-дин Натанзи Ақ Орда ханы Ерзеннің Сығанақты көркейтіп, 
Отырарда, Сауранда, Жентте, Баршынкентте біраз үйлер салдырғанын 
хабарлайды. Сонымен қатар, орда хандары өз теңгелерін соғу дəстүрін 
сақтаған. Сығанақты орталықа айналдыру Орта Азия мен Хорезмнің 
отырықшы аудандарымен байланыстардың кеңеюіне жəрдемдесті. Бұған 
сонымен қатар Алтын Орданың орталығы –Еділ бойындағы қала өмірінің 
тіршілігінің тоқтауы мен сауда жолдарының өзгеруі едəуір əсер етті. 


3. Жергілікті феодалдық үстем таптың экономикалық жəне саяси
жағдайының нығаюы негізінде Ақ Орда билеушілері Мүбəрак-Қожа ханнан 
(1320-1344 жж) бастап Алтын Ордадан біршама тəуелсіздіктің өзінен де 
біржола қол үзді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет