Бағдарламасы (Алматы, 2011) негізінде құрастырылған


Өзін-өзі тексеретін сұрақтары



Pdf көрінісі
бет38/114
Дата28.11.2023
өлшемі1,03 Mb.
#130819
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   114
Байланысты:
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРТАҒАСЫРЛАР ТАРИХЫ

Өзін-өзі тексеретін сұрақтары:
1.
 
Тимучинді жақтайтын көшпелі шонжарлар құрылтайы туралы не 
білесіз? 
2.
 
Тимучин билікке келгенге дейінгі моңғол ұлыстарының жағдай 
қандай болған? 
3.
 
Моңғол мемлекетінің қоғамдық құрылысы қандай болды? 
4.
 
Жасақ (Яса) дегеніміз не? 
5.
 
Шыңғыс ханның жорықтарында əскери саптардың ұйымдасуы 
туралы не білесіз? 
6.
 
Шыңғыс ханның жорықтарында оған сенімді тірек болған қандай 
ру-тайпалар? 
7.
 
Шыңғыс ханның əскери-жаулаушылық жолына түсуіне əсер еткен 
жағдайлар? 
Пайдаланатын əдебиет:
История Монгольской Народной Республики. Москва, Изд, АН СССР, 1954. 
79-91 бб. Аманжолов К.Қазақстан тарихы. А.,2004. 254-258 бб.
 
Қазақстан тарихы /очерктер/. А.,1994. 149-163 бб.
 
Қазақстан тарихы /көне заманнан бүгінге дейін/ І том.- Алматы, Атамұра, 
1996. бб. 
Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан летопись трех тысячелетий. 
Алматы, Рауан, 1992. 92-94 бб.
 
№ 3 дəріс 
Тақырып: 
Моңғол-татар тайпаларының Қазақстан мен Орта Азияға 
жорықтары.
Қарастырылатын сұрақтар: 
1. 
Қыпшақ хандығы мен Хорезм шах Мұхаммед.
2. 1218 жылғы сауда келісімі. «Отырар апаты».
3. Шыңғыс ханның Хорезм шах Мұхаммедке соғыс жариялауы. Қазақстанды 
жаулау. 
4. Моңғолдар жаулаушылығының зардаптары.
Дəрістің мақсаты:
Қазақстан мен Орта Азияға жасалған моңголдар 
жорықтары туралы деректік мағлұматтар беру. 
Дəрістің мазмұны: 
Шыңғыс ханның пендешілігі мен жауыздығын айтып 
жеткізу қиын. Ол өзге елдерді жаулап алуда екі кезеңде екі түрлі əдіс 
қолданды. Тарихшы В.В.Трепавловтың айтуынша 1207-1218 жылдары түркі 
халықтарымен одақтасу саясатын жүргізді. Осы кезде ол Алмалықтың ханы 
қаңлы Озар мен оның баласы Сунақ-тегінмен құда-құдандалы болды. Бұл 
саясатты оның ұрпақтары кейін де жүргізді. Мəселен, Жошы үлкен қызын 
Болған бикені қаңлыға беріп, достасты. Мұхаммед Қайдар Дулати өзінің ұлы 
ұстазы санаған қазақтың тұңғыш тарихшысы, қаңлының ұлы Жамал 


Қаршыдай оқымыстыны Алмалықтың билеушісі бауырына тартып, өзгеше 
шен-шекпен берді. Бүкіл империяда ешқандай кедергісіз жүріп-тұруына 
рұқсат берді. Ал, 1218-1223 жылдар аралығында түркі халқын жаулап алып, 
қырып жіберу саясатын ұстанды. Сол кезде Орталық Азия мен Алтайда ең 
ықпалды, беделді қаңлылармен де екі түрлі саясат жүргізді. Бірінші 
жоғарыда айтқандай олармен құда болса, кейін оларды аяусыз жою саясатын 
ұстанды. Отырарды, Үргеншті, Ходжентті, Самарқанды, Бұқараны жаулап 
алғаннан кейін өзіне қатты қарсылық көрсеткен, моңғолдарды жеңуге 
болатындығын айдай əлемге дəлелдеген, өзінің ата жауы меркіттерді арасына 
сіңірген қаңлы сарбаздары мен əміршілерін халықтың алдында қойша ба-
уыздауды əдетіне айналдырды. Мысалы ұлы тарихшы Рашид ад-Диннің 
жазып қалдырған деректері бойынша Шыңғыс хан Самарқанды жаулап 
алғаннан кейін 30 мың қаңлы əскерін 20 əмірімен қоса бауыздады. Осы та-
рихшының еңбегінде Шыңғыс ханның талай қанқұйлы істері айтылған. Ал, 
тарихшы, ғалым Талас Омарбеков жақында Қазығұртта өткен ғылыми конфе-
ренцияда моңғолдар тікелей Шыңғыс ханның бұйрығымен өздеріне өршілене 
қарсылық көрсеткен қаңлының қыз-келіншегін жалаңаш күйде бір-бірімен 
шайқастырып, одан соң бауыздағанын айтты. Ол кісінің қандай дерек көзіне 
сүйеніп айтқанын анықтай алмадық, бірақ тарихшы бекерден-бекер мұндай 
деректі айтпасы анық. Жаулап алған жерінде қыз-келіншектерді зорлау 
моңғолдардың əдетіне айналған. Оған мысал өте көп. Бұл деректі тарихшы 
З.М.Буниятов та растайды. Ол əйелдерді қызыл қуырдақ етіп турап тас-
тағанын айтады. Шыңғыс ханның жауыздығы туралы дерек көп. Ол 
өздерімен аталас меркіттерді түгел жойып жібергенін ұмытуға бола ма? Сол 
сияқты Сібірдің ормандарында жүрген талай ұлтты жер бетінен жойып 
жібергені де белгілі. Айта берсек жүрек шошырлық мұндай мысалдар өте 
көп. Оның соғысы тек тонаушылықты мақсат еткенін талай ғалымдар мен та-
рихшылар ашына жазған. Шыңғыс хан «соғыс қана ұлы билікке жеткізеді» 
деп ойлаған, соны мақсат еткен. Соған қарамастан оны «ұлы» деп айтып, 
ақтап алып, атын асқақтатқымыз келеді. 
Бір адамды өлтірген адамды қылмыскер дейміз. Ал мыңдаған адамдарды 
қырып, жойған Шыңғыс хан «жасампаз, халық ұлы» бола ала ма? Олай бол-
са, орыстарды жəне оның иелігіндегі өзге де халықтарды қырып-жойған 
Гитлерді коммунизмге қарсы шыққанын алға тартып, ақтап алу оңай емес 
пе?! Сонда оны да ұлы жасампаз саясатшылардың қатарына қосқанымыз 
дұрыс бола ма?! Адамның қанын шашып, өзінің шексіз билігін орнатқанды 
«ұлы тұлға» деп асқақтатып, туған жерін, елін, Отанын ерлікпен қорғағанды 
«бейшара» деп аласартқанымыз қалай? Жалпы осы мəселелер жөнінде 
пəтуаға келетін кез келді. Шыңғыс ханның шапқыншылығы туралы біз қан-
дай ұстаным ұстауымыз керек? Жерімізді қанға бөктірген, қанқұйлы ісін 
жоққа шығарып, «ол қазақ еді» деп мақтануымыз керек пе? Мұны да 
ғалымдар мен саясаткерлер анықтап беретін уақыт жетті. Бүгінгі ұрпаққа не 
деуіміз керек? Бізге, қазаққа кім жақын, Шыңғыс хан ба, əлде Қайыр хан ба? 
Қайсысын батыр ұланымыз дейміз? Бірақ бір нəрсенің анық екенін ешқа-


шанда естен шығармау керек: отаршылдың езгісінде, табанында, құлдығында 
болмау үшін, Отанын қорғап, жан беріп, жан алған адамның ерлігі мəңгілік. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет