ч.2, с.333). Жайық өзеніне жапсарлас жатқан дала үшін күрес XVI ғасырдың
60-шы жылдарында да жалғаса берді. 1568 жылы орыс патшасы Ноғай
ордасына жіберген Семен Мальцев “Ақназар патша мен Шығай ханзадының
жəне Жалым ханзаданың қазақ ордалары жəне олармен бірге 20 ханзада
Ноғайға келіп , ұрыс болды ”, - деп хабарлады. Бұл жеңістің нəтижесінде
Ноғай жерлерінің бір бөлігі Хақназардың билігіне көшіп, қазақ хандығының
жерін
кеңейтіп, күш қуаты мен беделін арттырды, тарихи деректемелерде
қазақ ханы “Хақназарды қазақтар мен ноғайлардың ханы” деп атаған.
XVI ғасырдың ортасында ауыр дағдарысқа ұшыраған Ноғай ордасы ішкі
феодалдық қайшылықтар мен қырқыстардың жəне
халық бұқарасының
феодалдық үстемдікпен қанауға қарсы күрестерінің нəтижесінде бордай
тозып, 1569 жылдан соң мемлекет ретінде өмір сүруден қалды. Бұрын Ноғай
ордасына қараған қазақ тайпалары жəне олардың этникалық территориясы
Қазақ хандығына бірікті. Бұл Қазақ хандығының қазақ тайпаларының жəне
қазақтардың этникалық территориясын біріктіру жолында Хақназар ханның
жасаған жеңісті қадамдарының бірі еді.
Ноғай
ордасының ыдырауы, оған қарасты қазақ тайпалары мен
олардың мекендеген жерлерінің Қазақ хандығына қосылуы хандықтың Батыс
– солтүстік жағындағы жағдайда өзгеріс тудырды. Орыс мемлекеті мен Қазақ
хандығы арасындағы кең өңірді алып жатқан Ноғай ордасының ыдырауы,
оның бір бөлігінің орыс патшасына бағынуы,
шығысқа қарай кеңейіп келе
жатқан орыс мемлекетінің шекарасын қазақ хандығына жақындата түсті.
1563 жылы Сібір хандығының билігін тартып алған Көшім хан ендігі жерде
Қазақ хандығына дұшпандық позиция ұстады. Оның үстіне моғол
билеушілері мен Қазақ хандығы арасында да қақтығыстар болып отырды.
Осындай күрделі жағдайлармен есептескен Хақназар хан Қазақ хандығының
сыртқы саясатын өзгертті. Сырдария бойындағы Қазақ хандығының үнемі
жауласып келген МауараннахрдағыШайбани əулетімен одақтастық байланыс
орнатуға ұмтылды. Орта Азиядағы ең ірі қалаларының бірі Ташкентті басып
алуға бағытталған əскери қимылдарын тоқтатты. Сөйтіп, Шайбани Əулетінен
шыққан Бұхара ханы Абдолла екінші мен Қазақ ханы Хақназар қастаспай дос
болып, өзаракөмектесу жөнінде «анттастық шарт» жасады, Хақназар ханның
бұл дипломатиялық шарасы маңызды болды.
Сонымен, Хақназар хан тұсында соғыс қимылдары тоқтап,
бейбітшілік
орнады, қазақтардың орта Азия халқымен сауда – саттық қарым-қатынасы,
экономикалық байланысы одан əрі өрістеді. Мұның өзі Қазақ хандығының
ішкі жағдайын жақсартуға, халқының шаруашылық өмірінің оңалуына тиімді
болды. Сонымен қатар Қазақ хандығы нығайып, қайта дəуірлей түсті.
Достарыңызбен бөлісу: