Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет101/482
Дата17.10.2023
өлшемі30,13 Mb.
#116775
түріБағдарламасы
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   482
Жаьанданудың ықпалы
Жаьандану - аса қуатты күш. Ол әлем мәдениетіне, экономикасы 
мен саясатына, сондай-ақ қоғам өмірінің барлық салаларына эсер 
етуде.
Мәдени ықпал
Найробиде жастар америкалық хип-хогі музыканы тыңдап, «Pepsi» 
ішеді. Нью-Йорк қаласының жастары Ямайка регги концерттеріне 
барып, Гарри Поттер туралы кітаптарды оқиды. Үндістанда Голли­
вуд фильмдері «Болливуд» (Бомбейде шығарылған) фильмдерімен 
бәсекеге түседі. Мүның бәрі - мәдениеттің ғаламдық таралуына 
мысалдар; себебі кинофильмдер, телевизиялық шоу, музыка, әде- 
биет және басқа өнер туындылары барған сайын бүкіл әлемге тара- 
лып, әлемдік қолданысқа түсуде.
Бұқаралық мәдениеттің осы элементтері көңіл көтеруді ғана 
емес, мәдени құндылықтарды да қамтиды. Үндістан жасөспірімдері 
америкалық фильмдерді көргенде, олар АҚШ-тағы соңғы сән үлгі- 
сімен, музыкамен танысып қана қоймай, сонымен қатар дәстүрлі 
үнділік тәжірибелерге, мысалы, ата-аналары келіскен некеге тұру, 
әйелдердің бағынышты болуы, ата-аналар сөзіне мойынсүну және 
отбасы жеке адамнан маңыздырақ деген сенімдерге күмән келтіре 
бастайды. Осы себептен дүниежүзінде адамдардың көбі жаьан- 
данудың адамдарға әсіресе балалардың мәдени қүндылықтарына 
оң ықпал етеріне күмәнмен қарайды.
Экономикалық ықпал
Жаьандану, сондай-ақ тауарларды сатуға да, шығаруға да эконо- 
микалық ықпалын тигізді. Әртүрлі елдерде өмір сүретін адамдар


МӘДЕНИЕТ
87
арасында экономикалық белсенділік артуда. Бұл күндері орыс- 
тар Coca-Cola сатып алса, америкалықтар «Тойота» сатып алады. 
Жаьандану - тауарлар халықаралық ауқымда шығарылған кезде 
орын алады. Мысалы, «Тойота» сияқты ұлтаралық корпорация бір 
елден тауар шикізаттарын сатып алып, олардан екінші бір елде 
автомобиль бөлшектерін өндіреді, үшінші елде машиналарын жи- 
найды, төртінші елде қалдықтарды өңдейді. Сөйтіп, бүкіл әлемге 
өз машиналарын сатады.
Байқаушылардың 
осындай 
халықаралық 
экономикалық 
кәсіпорындардың әсерін бағалауында айтарлықтай ерекшелік бар 
(Wade, 2001; Bordo et al., 2003). Олардың кейбірі халықаралық қаржы 
байланыстары экономикалық өсімді ынталандыра отырып, өмір 
сүрудің барлық деңгейін жақсартады және өзара тәуелді (бейбіт) 
әлем құруға себеп болады деп үміттенеді (Stiglitz, 2003). Басқалары 
үлтаралық корпорациялар кедей елдерден шикізат өндіру арқылы 
жергілікті тұрғындарға мардымсыз жалақы төлеп, дамыған ел- 
дерде заңсыз болып табылатын зиянды жағдайларда жұмыс істе- 
ту арқылы сол елдерге залал келтіріп жүргенін, ал барлық пайда- 
сын бай елдер көріп отырғанын айтады (Petras & Veltmeyer, 2001; 
Wallerstein, 2004).
Сыншылар да дамыған елдердегі экономикалық жаьандану- 
дың әсеріне күмәндана қарайды (Publicitizen, 2008). Мысалы, 
2000-2010 жылдар аралығында Құрама Штаттардан 3 миллионға 
жуық жұмыс орны еңбекақысы төмен басқа елдерге ауыстырылды 
(Wessel, 2011). Сол себептен басқа америкалық қызметкерлер жұ- 
мыс орындарын шетелге көшірмес үшін жалақысы мен сыйақысын 
қысқартқанға көнді. Сол сияқгы бастапқыда зауыттарын АҚШ-тан 
Мексикаға көшірген көптеген корпорациялар осы зауыттарын Қы- 
тайға немесе Вьетнамға көшірді. Мәселе мынада: бұл жаьандық 
жұмыс қозғалысы жұмыс орындарын бай елдерден кедей елдер­
ге ауыстыра отырып жалпы табысты көтере ме, элде табысты на- 
рықтың ең төменгі қатысушыларының деңгейіне дейін төмендете 
ме? Деректерге ден қойсақ: «Жаьанданудың қүрамдас бөліктерінің 
халықаралық деңгейде мақұлданбауы» бүкіл әлемдегі ж аьандану 
жағдайына қатысты көзқарасты көрсетеді.
І
Жаһандану америкалықөнімдер 
мен америкалық мәдени 
құндылықтарды бүкіл әлемге таратып 
отырғандықтан, ол басқа қоғам 
мәдениеттеріне қарсы келуі мүмкін. 
Нәтижесінде, жаһандану мемлекет 
көлемінде де, АҚШ пен басқа 
мемлекеттер арасында да шиеленісті 
күрт арттыруы ықтимал


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   482




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет