Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет106/482
Дата17.10.2023
өлшемі30,13 Mb.
#116775
түріБағдарламасы
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   482
Байланысты:
1240 leumettanu negizderi

Ә л е у м е т т е н у
3 - Т А Р А У
Тарау тағылымы
Осы тарауды оқығаннан
кейін студенттер:
алғашқы әлеуметтену, алдын 
ала әлеуметтену, кәсіби 
әлеуметтену және қайта 
элеуметтену балаларды, 
жасөспірімдер мен ересектерді 
қалай қалыптастыратынын 
біледі;
әлеуметтену мен тәрбиелеу 
қалыпты әлеуметтік мінез- 
құлықты дамыту үшін өте 
маңызды екенін түсінеді;
■ құрылымдық функцияшылдар 
мен конфликт теориясын 
зерттеушілер әлеуметтенудің 
жеке адамдарға және 
қоғамға әсерін қалай 
тұжырымдайтынын 
сипаттайды;
өзін-өзі тану мен рөл ойнау 
әлеуметтену мен өзін-өзі 
бағалауға қалай эсер ететінін 
түсінеді;
■ отбасы, құрдастар, бұқаралық 
ақпарат құралдары, дін және 
қоғамдастықтың әлеуметтенуге 
қосатын үлесін сипаттайды.


92
3 -ТА РАУ

Бүл бала маймыл - психолог 

Гарри Харлоудыңзерттеулері 
үшін әлеуметтік қарым-қатынастан 
аластатылып, жеке-жеке торларда 
жабылған маймылдардыңбірі. 
Нәтижесінде, олар жүптасуды немесе 
өздерінің балаларын тәрбиелеуді 
үйрене алмаған. Бұл тәжірибелер 
нәтижесінде тіпті туа біткен мінез- 
қүлықты да өзара әрекетке түсу 
арқылы дамыту керек деген болжам 
жасалған.
Әлеуметтену - мәдениетке және 
қоғамға араласу үшін қажетті 
ережелерді, тәжірибелерді және 
құндылықтарды үйрену процесі.
Рөлдер - кез келген адамның 
белгілі бір әлеуметтікжағдайда 
көрсететін мінез-қүлқы мен ойлау 
тәсілдері.
Әлеуметтену деген не?
Соңғы екі тарауда әлеуметтік өмірдің «жалпы сипаттамасын»-қоғамдар 
мен мәдениеттерді қарастырдық. Бірақ әлеуметтанушыларды осы жал­
пы сипаттамаға адамдардың қалай сәйкес келетіні қызықтырады. Бұл 
тарауда адамдар өз мәдениеті мен қогамында табысқа жету үшін қажет- 
ті ережелерді, тәжірибелерді және құндылықтарды қалай үйренетінін 
қарастырамыз. Бұл процесс әлеуметтену деп аталады.
Әлеуметтенудің басты сипаты әлеуметтік рөлдерді үйрену болып 
табылады. Рөлдерге белгілі бір әлеуметгік жағдайдағы кез келген 
адамнан күтілетін мінез-құлық пен ойлау тәсілдері жатады. Аналар, 
мұғалімдер, студенттер мен ғашықтар - бәрі де өз рөлдерін атқарады. 
Әрбір ұстаным тиісті қимылдарға, айтатын нәрселерге және басқа 
адамдармен өзара әрекетке түсу жолдарына қатысты белгілі бір сенім- 
дерден тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   482




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет