Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет132/482
Дата17.10.2023
өлшемі30,13 Mb.
#116775
түріБағдарламасы
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   482
Байланысты:
1240 leumettanu negizderi

Қоғамдық құрылымдар
1-тарауда сипатталғандай, қоғамдық қүрылым - қатынастардың қай- 
таланатын заңдылықтары. Қоғамның барлық деңгейінен қоғамдық 
құрылымдарды табуға болады. Бейсбол ойындары, достық байланыс- 
тар, отбасылар мен ірі корпорациялар - бұлардың барлығы күнделікті 
қайгаланатын қарым-қатынас заңдылықтары. Бұл заңдылықтардың 
кейбірі ресми ережемен, яғни заңдармен орнықтырылса, көпшілігі 
әдет-ғұрыптардың күшімен орындалады.
Өмірдегі заңдылықтар, бір жағынан, шектесе, екінші жағынан, 
бізге мүмкіндік береді. 9-дан 5-ке дейін жүмыс істесеңіз күндіз доп 
ойнай алмауыңыз мүмкін. Алайда 5-те жұмыстан шығатыныңызды 
білетіндіктен, кешке достарыңызбен кездесуді жоспарлауға мүмкін- 
дігіңіз бар. Қалыптасқан заңдылықтар өмірдің көп тұстарын реттеу- 
дің жайлы да ыңғайлы жолдарын ұсынады.
Сенбі күнгі ойынды алсақ та, отбасы немесе жұмыс туралы айт- 
сақ та қоғамдық құрылымдар мәртебе, рөл және әлеуметтік институт- 
тар сияқты үш ұғым аясында түсіндіріледі.
Мәртебе
Қоғамның негізгі іргетасы -
мәртебе. 
Ол - адамның басқа топ мүше- 
леріне қатысты қоғамнан алатын орны. Мәртебе «қол жеткізген» және 
«туабітті» болып екі санатқа бөлінеді. 
Қол жеткізген мәртебе 
- адам- 
ның ғұмырында қол жеткізе алатын қоғамдағы орны (ол жақсы не 
жаман болуы мүмкін). Әке болу - қол жеткізген мәртебе; сотталу да 
сондай. 
Туабітті мәртебе 
- туғаннан немесе мұрагерлікпен берілген, өз-
Мәртебе 
- адамның топтағы 
басқаларға қатысты орны.
Қол жеткізген мәртебе 
- міндетті 
нәрсе емес, бұған қол жеткізу өмір 
бойы жалғаса береді.
Туабітті мәртебе 
- туа біткен 
немесе мұрагерлікпен берілген 
және өзгермейді деп саналатын 
мәртебе.
8-251


114
4 -ТА РА У
гермейтін деп танылған мәртебе. Мысалы, кей адамдар операция арқылы 
жынысын өзгертсе де, енді біреулер бір нәсілден екінші нәсілге «ауысып» 
жатса да біз жыныс пен нәсіл өзгермейді деп есептейміз. Сондықтан әлеу- 
меттанушылар жыныс пен нәсілді туабітті мәртебе деп қарастырады.
Әр адам бір мезгілде сан мәртебенің иесі болады. Сіз біреудің қызы 
немесе ұлы, спортшы, христиан, даяшы және тағы басқа болуыңыз 
мүмкін. Мәртебелердің осындай қосындысы мәртебелер жиынтығы 
деп аталады.
Әлеуметтанушылар әдетте қоғамның мәртебелік құрылымын 
төрт мәселеге қатысты талдайды: 1) қоғамда бар мәртебелердің саны 
Мәртебелер жиынтығы- 
мен түрлері; 2) осы мәртебелердің адамдар арасында таралуы; 3) түр-
адамның барлық мәртебелерінің 
лі мәртебелерге ие болудың салдары, ресурстары және мүмкіндіктері; 
қосындысы. 
4) белгілі бір қоғамдағы мәртебелердің ықтимал комбинациясы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   482




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет