Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет128/482
Дата17.10.2023
өлшемі30,13 Mb.
#116775
түріБағдарламасы
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   482
Байланысты:
1240 leumettanu negizderi

Арнайы мекемелер
Жалпы, адамның өзін-өзі бағалауын түбегейлі өзгерту үшін қоршаған 
ортаны түбегейлі өзгерту қажеттігі туындайды. Өмірі бос өтіп жатқан 
жолдастарының арасында уақыт өткізетін жасөспірімнің сенімдері 
мен әрекеттерін түбегейлі өзгерту үшін аптасына бір рет есірткінің 
зияны туралы әңгімелесу өте аз. Яғни қайта әлеуметтену процесінің 
алғашқы қадамы көбінесе адамды оның бұрынғы ортасынан алшақ- 
татып, арнайы мекемелерде оқшаулауды талап етеді. Яғни өмірдің 
барлық саласын түбегейлі қайта әлеуметтендіру мақсатында ол ар­
найы мекемелерде қатал түрде бақылануы керек (Goffman, 1961а). Он- 
дай мекемелерге монастырьлар, түрмелер, лагерлер мен психикалық 
ауруханалар жатады. Осындай мекемелерге қамалғандар өз мәртебе- 
сінен, әлеуметтік ұстанымдары мен өзін-өзі бағалауына негіз болған 
қарым-қатынастардан айырылады. Тіпті киім-кешегі униформамен 
алмастырылады. Сондай-ақ түтқындар күнделікті күн тәртібін өз 
бетінше реттей алмайды. Оның орнына қатаң кестеге сай тәртіпті 
ұстануға мәжбүр болады. Сонымен қатар тұтқындардан өздерінің бү- 
рынғы көзқарастарын, құрбы-құрдастарының қүрамы мен мінез-құл- 
қындағы кемшіліктерді анықтау үшін өзін-өзі сынға алу талап етіледі. 
Арнайы мекемелердің күнделікті қоғамнан елеулі айырмашылы- 
ғы болатындықтан, олар қайта әлеуметтену кезінде көбінесе тиімді 
бола бермейді. Мысалы, 1980-1990 жылдары қылмыс жасағаны үшін 
сотталған көптеген жастар «түзету лагерьлеріне» жіберілді. Осындай 
арнайы мекемелерде жастар кез келген сыртқы әсерден аластатылып, 
қатал кестеге сай күрделі жаттығулармен, ауыр физикалық еңбекпен 
айналысты, есірткінің зияны туралы кеңестер алып, білімдерін же- 
тілдірді (Anderson, 1998). Оларды билікке құрметпен қаратып, өздері- 
нің бұрынғы түсініктерінен арылту үшін шаштарын қырып тастады, 
қорлайтын есімдер берілді, тіпті олардың түрме қызметкерлерінің 
көзіне тік қарауына тыйым салынды.
Түзету лагерлерінде жүргізілген зерттеу көрсеткендей, онда 
жастарға лагерь ережелеріне бағынуды үйреткен, алайда оларға қара- 
пайым өмірге қайта оралғаннан кейін қалай табысқа жетуге болаты- 
нын үйретпеген (MacKenzie, Wilson, Kider, 2001). Нәтижесінде, көптеген 
қоғамдар лагерьлерден бас тартып, жастарға адамдармен зорлық-зом- 
былықсыз қарым-қатынас жасау тәсілдерін үйрететін бағдарламалар 
ашты. Осы бағдарламаларға сәйкес жастар көбінесе өз үйлерінде не­
месе жетекшілік ететін үйлерде бақылауда болады. Бұл бағдарлама 
жастарды қылмыстық өмірден алшақтатуға көмектесетінін жақсы 
дәлелдеп берді (Anne Е. Casey Foundation, 2009; Moore, 2009).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   482




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет