222
8 -ТА РА У
Н ә с і л ж э н е э т н о с
Нәсіл мен этнос - адамзаттың санаттарын анықтайтын аскриптивті
ерекшеліктер. Бұлар әрдайым стратификацияның негізіне алынады.
Қоғамның санасында басқа адамдарга қарағанда
өзге санатқа жата-
тын адамдардың шектеулі ресурстарға оңай қол жеткізуін «дұрыс»
дейтін көзқарас қалыптасқан. Бұл тарауда АҚШ-тағы жағдайды тал-
дамас бұрын жалпы нәсілдік және этностық теңсіздік ұғымдарына
назар аударамыз.
Н ә с і л д і к ж ә н е э т н о с т ы қ
т е ң с і з д і к т е р д і т ү с і н у
Топтар қоғамда күн сайын өзара әрекетке түсіп отырған кезде жікте-
лу мен теңсіздік қалай шығады? Бұл тарауды нәсілдік және этностық
теңсіздікті түсінуге қажетті мына тұжьірымдамаларды
қарастыру-
дан бастаймыз: нәсіл мен этностың әлеуметтік құрылымы, дискри-
минацияның артуы, көпшілік пен азшылық топтар үғымдары және
олардың өзара әрекеттесуінің негізгі үлгілері.
Нәсіл - физикалық ерекшеліктері
бойынша жіктелген әлеуметтік
мацызы бар адамдар санаты.
Этностық топ - шығу тегі бірдей,
мәдениеті ортақ адамдардан
түзілген қауым.
Нәсіл мен этностық топтың
әлеуметтік қүрылымы -
мәдениет арқылы (биологиялық
фактілерден гөрі қоғамдық
көзқарасқа негізделген) нәсілдік
немесе этностық топтың
ерекшеліктерін анықтау процесі.
Достарыңызбен бөлісу: